Connect with us

Спорт

Ғабиден Советұлы қол күрестен Overall сайысында жеңімпаз атанды

Published

on

2021 жылдың  4 желтоқсан күні Улаанбаатар қаласында қол күрестен ел чемпионаты өтті. Баян-Өлгий аймағының спортшылары қатысып 2 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды.  

Бақытжан Жанатұлы -100 келі салмақта оң қолмен күш сынасып күміс, сол қолмен күш сынасып қола жүлдегер атанды. -70 келі салмақта сол қолмен күш сынасқан Нұртуған Тұрсынханұлы күміс жүлде, Нұрболат Хабылханұлы қола жүлдеге ие болды. Нұртуған Тұрсынханұлы -80 келі салмақ дәрежесінде де сынға түсіп қола жүлдегер атанды. 

Ал, -100 келі салмақта сайысқа түскен Ғабиден Советұлы оң және сол қолмен күресіп ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, +100 келі салмақта күміс жүлде, барлық салмақтар арасындағы Overall сайысында жеңімпаз атанды. 

Спорт

Nomadic Hunters FC командасы футзалдан Моңғолия чемпионы атанды (Видео)

Published

on

23 қаңтар, KAZNEWS. Nomadic Hunters FC командасы футзалдан Моңғолия чемпионатының финалдық кездесуінде «Хан-Уул» командасын 5:2 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Баян-Өлгий аймағының қазақ жастарынан құралған Nomadic Hunters FC командасы футзалдан алғаш рет ел біріншілігінің чемпионы атанып, тарихтың жаңа парағын ашып отыр.

Nomadic Hunters FC командасы алдағы уақытта Футзалдың 1-ші лига ойындарында өнер көрсететін болады. 

Кездесу жылдам голмен басталды. Ең әуелі Ертіс Болатұлы бірінші голды 1-минутта салды. 

Хан-Уул командасы қайтарма шабуылға өтіп, Т.Мөнхбаатар есепті 7-минутта теңестірді.

Хан-Уул командасының спортшысы Б.Амарсанаа екінші голды 8-минутта соғып, бірінші таймда басымдық көрсетті.

Екінші таймда, Ертіс Мирұлы ойын тізгінін қолға алып, есепті 17-минутта қайта теңестіріп үлгерді.

Nomadic Hunters FC ойыншысы Ертіс Болатұлы қарсыластарынан айласын асырып, қақпаға тағы бір голды 23-минутта соқты.

Ертіс Болатұлы матчтын 28-ші минутында 4 -ші голды салып, алаңда өздерінің басымдықтарын танытты.

Матчтың 29-шы минутында жеңіс голының Ертіс Болатұлы Хан-Уул қақпасына тоғытты. Есеп 5:2. Жеңіс Nomadic Hunters FC еншісінде.

Чемпионат қорытындысы бойынша “Үздік ойыншы” – Ертіс Болатұлы. Финалдық кездесуде қарсыласының қақпасына 4 гол соқты.

“Үздік қақпашы” -деп Серлан Талғатұлы анықталды.


Nomadic Hunters FC командасы бұған дейін Арвис командасын 6:4 есебімен, жартылай финалдағы кездесуін Capitron командасымен өткізіп, 2:7 есебімен ұтып, алғаш рет футзалдан финалға өткен болатын.

Топтық кезеңдегі алғашқы матчты Сор командасымен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жеткен болса, екінші кездесуінде Шонхор командасымен ойын көрсетіп 3:6 есебімен есе жіберіп алған.  Топтық кезеңнің үшінші кездесуін «Алдарын дайчид» командасымен өткізген ойында жігітттер өз мергендіктерін танытып 14:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алған.

Бұл жолғы чемпионатта Елан фарм компаниясы демеушілік көрсеткен.

Continue Reading

Спорт

Азия чемпионаты: А.Жандос, А.Құлын, Б.Жанаргүл жартылай финалда

Published

on

23 қаңтар, KAZNEWS. Ташкентте 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы KazNews ақпарат агенттігі Азия бокс конфедерациясына (ASBC) сілтеме жасап хабарлайды.

ASBC хабарлауынша, бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатына қатысу үшін жиырма екі мемлекет тіркелген. Бірақ жаңа шектеулер мен Ковид-19 сынамаларына байланысты Ташкентте Ирак, Жапония, Иордания, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Тәжікстан және Өзбекстан қатарлы 12 елдің былғары қолғап шеберлері рингде өнер көрсетуде.

Ташкент рингісінде қыздар 12, ерлер 13 салмақ санаты бойынша сайысқа түсіп жатыр.

Ал, Моңғолия құрамасынан 15 спортшы (қыздар жеті, ерлер сегіз) бақ сынауда.

Олардың арасында 48 келі салмақта Жанаргүл Бейсенбейқызы, 50 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Құлын Алтынбекқызы, ерлерден 67 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері Жандос Асқарұлы бар.

Жандос Асқарұлы алғашқы кездесуінде ирак спортшысы Мохаммед Каррар Ниаматты ұтып, қола жүлдені қанжығасына байлады. 25 қаңтар күні жартылай финалда күміс жүлде үшін қырғыз спортшысы Асанкул уулу Султанмен сайысқа түсетін болады.

48 келіде өнер көрсететін Жанаргүл Бейсенбейқызы жарысты 26 қаңтар күні бірден жартылай финалдан бастайды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы өзбек спортшысы Фозилова Фарзона. Ол қарсыласынан айласын асырса финалда тәжік пен жапон споршысының жеңгенімен кездесетін болады.

50 келіде өнер көрсеткен Құлын Алтынбекқызы алғашқы айналымда яғни ширек финалда бос, 26 қаңтарда бірден шаршы алаңға шығады. Ол 24 қаңтардағы тәжік пен өзбек спортшылар арасындағы ойында жеңген спортшыны күтіп тұр.

Демек, кемінде үш қола жүлде қоржында деген сөз.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылғы Азия чемпионатында Жандос Асқарұлы мен Құлын Алтынбекқызы қола жүлдегер атанған болатын.

Continue Reading

Спорт

Nomadic Hunters FC командасы финалға жолдама алды

Published

on

21 қаңтар, KAZNEWS. Nomadic Hunters FC командасы футзалдан ел біріншілігінің финалына жолдама алды.

Бүгін Nomadic Hunters FC командасы жартылай финалдағы кездесуін Capitron командасымен өткізіп, 2:7 есебімен ұтып, алғаш рет футзалдан финалға өтті.

Бүған дейін Ширек финалда Арвис командасын 6:4 есебімен ұтқан болатын. 


Баян-Өлгий аймағының жастарынан құралған Номадик Хантерс командасы D тобындағы алғашқы кездесуін Сор командасымен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жеткен.

Екінші кездесуінде Шонхор командасымен ойын көрсетіп 3:6 есебімен есе жіберіп алды.

Топтық кезеңнің үшінші кездесуін «Алдарын дайчид» командасымен өткізді. Бұл ойында жігітттер өз мергендіктерін танытып 14:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алған.

Continue Reading

Спорт

Nomadic Hunters FC жартылай финалға шықты

Published

on

20 қаңтар, KAZNEWS. Nomadic Hunters FC командасы футзалдан ел біріншілігінің жартылай финалына шықты.

Nomadic Hunters FC ширек финалда Арвис командасын 6:4 есебімен ұтты.

Бұған дейінгі кездесулер қалай өтті


Баян-Өлгий аймағының жастарынан құралған Номадик Хантерс командасы D тобындағы алғашқы кездесуін Сор командасымен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жеткен.

Сор гоол: №17 М.Бадрах 4′, №13 Б.Анхбаяр 30′

Номадик Хантерс гоол: №6 Б.Ертіс 5′, №17 Г.Жандәулет 8′, №22 А.Ерболат 18′, №23 С.Сүйеніш 20′, №3 С.Тасқынбек 27′

Екінші кездесуінде Шонхор командасымен ойын көрсетіп 3:6 есебімен есе жіберіп алды.

Номадик Хантерс 3-6 Шонхор

Номадик Хантерс гоол: №8 Қ.Дәуренбек 7, №23 С.Сүйеніш 4 28,

Шонхор гоол: №4 А.Бат-Оргил 5’, №19 Б.Амартүвшин 8’ 10’, №6 Б.Төмөрсүх 12’, №7 Т.Отгонбат 20’, №11 Х.Гарьдбилэг 25’

Топтық кезеңнің үшінші кездесуін «Алдарын дайчид» командасымен өткізді. Бұл ойында жігітттер өз мергендіктерін танытып 14:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бұл жетістіктері футзалдан лига ойындарына қатысуға мүмкіндік тудырып отыр.

Номадик Хантерс 14-0 Алдарын дайчид

Номадик Хантерс гоол: №6 Б.Ертіс 2’ 18’ 20’ 29’, №23 Сүйеніш 7’ 9’, №9 М.Ертіс 12’ 23’, №3 С.Тасқынбек 13’, №8 Х.Дәуренбек 16’, №22 А.Ерболат 24’ 24’ 26’, №4 А.Турар 28’

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

Онлайн қазақ тілі курстары басталады

22 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдегі отандастарымызға арналған тегін онлайн қазақ тілі курстары басталады, – деп Отандастар қорының Баспасөз қызметі хабарлайды. Басталуы:...

Дерек6 days ago

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерейтойы

2021 жылы 25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерейтойы тойланған болатын. Салтанатты рәсімнің толық видео жазбасын ұсынамыз.

Кітаптан үзінді...3 weeks ago

Опра Уинфри – “What I Know For Sure” жалғасы…

07 қаңтар, KAZNEWS. Американдық тележүргізуші, актриса, продюсер О́пра Гэйл Уи́нфри 1954 жылы 29 қаңтарда Миссисипи штатының Косиускода дүниеге келеді. Аты...

Дерек3 weeks ago

Барыс жылы қандай болған? 1902-2022 жылғы оқиғаларға шолу

04 қаңтар, KAZNEWS. Барыс – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Барыс сақтардың ұғымында қасиетті...

Дерек4 weeks ago

Ұлттық бостандық пен тәуелсіздіктің қалпына келгеніне 110 жыл толды

28 желтоқсан, KAZNEWS. 1911 жылы 29 желтоқсанда 200 жыл бойы Манжурия билігінде болып келген Моңғол елі дербес Боғда (Моңғол) хандығын...

Дерек4 weeks ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

26 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2021 жылдың үздік...

Дерек1 month ago

Millennium Challenge Account және Оюу толгой компаниясындағы жалақысы жоғары бос жұмыс орындар

Әкімшілік көмекші Компания: Millennium Challenge Account (Мянганы сорилтын сан) Мекен жайы: Улаанбаатар, Монгол Улс, Улаанбаатар хот, Сүхбаатар районы, “ЮНЕСКО” көшесі,...

Дерек1 month ago

Мемлекет және қоғам қайраткері Сарай Асқанбайұлы туралы деректі фильм жарық көрді

18 желтоқсан, KAZNEWS. Бүгін Баян-Өлгий аймағының жұртшылығы тарихшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сарай Асқанбайұлының 90 жылдық мерей тойына арналған...

Басты назарда