12 тамыз, KAZNEWS. Ховд аймағында Моңғолияның Парламент депутаты ШШ.Адьшаның қолдауымен Ховд аймағы әкімдігі және Ховд сұмының әкімдігі тарапынан «Қазақ халқының мәдени мұрасы» күндері ұйымдастырды.
Күндік тамыздың 9-10 күндері Ховд сұмынында өтті. Аталмыш шараның ашылуына Ховд аймағының әкімі, Батыс өңірлік кеңесінің басшысы Е.Болормаа ханым қатысты.
Ховд аймағы көп ұлтты азаматтар тұратын ерекше өлке. Күндікке орай қазақ азаматтарды құттықтап, шараны ұйымдастыруға қолдау білдіргендерге «СЕРТИФИКАТ» табыс етті.
Естеріңізге салсақ, Ховд аймағында 90700-ден астам халық тұрады. Олардың 11700-ге жуығы, яғни 13 пайызын қазақтар құрайды.
Қазақ халқы ежелден өзінің қайталанбас мұрасын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін сақтап келеді. Ұйымдастырушылар «Қазақ халқының мәдени мұрасы» күндігі іс-шарасының материалдық және материалдық емес мәдени мұраны, бірегей мәдениетті сақтау, тарату және дамытуда маңызы зор болатынын атап өтті.
Шараға көршілес Баян-Өлгий аймағынан, Қазақстан Республикасынан арнайы ат басын тіреген көптеген қонақтар қатысты.
Ұйымдастырушылар бұл күндері қазақ халқының ерекшеліктерін көрсететін қойылымдар мен байқаулар ұйымдастырды.