Connect with us

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен кездесті

Published

on

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Президенті баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақорда» резиденциясында ҚХР Төрағасын ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін мемлекеттер басшылары екіжақты келіссөз өткізетін залға барды.

Бұдан кейін Қазақстан мен Қытай басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

ҚР Президенті Қытай Төрағасына шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгеніне ризашылығын білдірді.

– Бұл – пандемиядан кейін сіздің шетелге алғашқы сапарыңыз. Сондықтан осы сапарыңыздың тарихи мағынаға ие. Мен мұны жоғары деңгейдегі өзара сенім мен ынтымақтастықтың көрінісі деп бағалаймын. Биылғы 5 ақпанда XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанымды білесіз. Сол кезде Бейжіңде өткен кездесуімізді ықыласпен еске аламын, – деді ҚР Мемлекет басшысы.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Си Цзиньпин қазақ-қытай қарым-қатынастарының дамуын жоғары бағалап, бүгінгі сапарының екіжақты байланыстарды одан әрі ілгерілетуге тың серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Қытай өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымдарын қолдайды.

– Қазақстан халқы сіздің басшылығыңызбен мемлекеттік құрылыс пен ұлттық жаңғыру ісінде жаңа табыстарға жететіні күмәнсіз. Қытай үкіметі Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарға зор көңіл бөлетінін тағы да қайталап айтқым келеді. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, біз алдағы уақытта Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын сақтауына қолдау көрсетеміз. Тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету жөніндегі Сіз жүргізіп жатқан реформаларды толық қолдай отырып, сіздің еліңіздің ішкі істеріне қандай да бір күштердің араласуына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Қытай Қазақстанның сенімді досы әрі серіктесі және солай болып қала береді. Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағалы бері байланыстарымыз беріктік сынынан лайықты өтті, сондай-ақ үнемі жаңа мазмұнмен толығып, дамып, өз жемісін беріп келеді. Біздің елдеріміз бірқатар салада ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Халықтарымыздың достығының арқасында 1780 шақырымға созылған шекара мәселесін алғашқылардың бірі болып шештік. Біз бірінші болып, индустрияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыта бастадық. Осылайша «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықтың үлгісін көрсеттік. Біз екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты мәңгілік стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Серпінді дамуға қол жеткізген қытай дипломатиясы үшін мұның маңызы зор. Бүгінде Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жаңа тарихи белеске қадам басты, – деді Си Цзиньпин.

Тараптар көлік-логистика, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларының мәселелері және трансшекаралық өзендер жайын талқылады.

Келіссөздерден кейін екі мемлекеттің басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Орта Азия және әлемде

Н.Шарбиев Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысты

Published

on

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Н.Шарбиев Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысты. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Н.Шарбиев 2023 ж. 2-3 наурызда Ұлан-Батырда өткізілген Таза ауа бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысып, осы ісшараға қатысушыларды Қазақстанда мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан таза ауамен қамтамасыз ету шараларымен таныстырды.

Н.Шарбиев сондай-ақ Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрі Б.Бат-Эрдэнэ және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы А.Алисджабанамен бірге Азия мен Тынық мұхиты елдері үшін ауаның ластануына қарсы тұру ісшаралар бағдарламасы шеңберінде Ұлан-Батырдың «киіз үйлер» ауданының ағымдағы ахуалымен және Моңғолия астанасында ауа ластануын азайту бағытында асырылып жатқан технологиялық шешімдермен танысты.

Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен және ЭСКАТО-ның жәрдемімен өткізілген осы халықаралық форумға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Австралия, Корея Республикасы, Сингапур, Ресей, Түркия, Қытай, Жаңа Зеландия, Молдова секілді 53 мемлекеттен 200 астам жоғары лауазымды тұлғалар мен ғалымдар қатысты. Ісшара барысында ғимараттардың энергиялық өнімділігі, қуаттың таза көздерінің артықшылықтары, халықтың денсаулығын жақсарту, ауаның ластануы мен парниктік шығарындылардың салдарымен күресу, жағар-жанармайға жұмсалатын шығындар секілді мәселелер қарастырылды.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Түркияға көмекке кеткен моңғолиялық құтқарушылар елге оралды

Published

on

19 ақпан, KAZNEWS. Түркияға көмекке кеткен моңғолиялық құтқарушылар елге оралды.

Іздестіру-құтқару жасағы «Іздеу тобы», «Құтқару жасағы» және «Медициналық топ» болып үш топқа бөлініп жұмыс істеді. Құтқару жасағының құрамында Балу және Марта есімді екі іздеуші ит рөл атқарған.

Хатая қаласында 8-16 ақпан аралығында жұмыс істеген құтқарушы топты “Хөшигтийн хөндий” әуежайында Моңғолия Прьемер-министрінің орынбасары С.Амарсайхан, Түркияның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зафер Атеш қатарлы лауазым өкілдері күтіп алды.

Құтқарушылар ғимарат қирандыларының астынан 8 адамды (оның ішінде 2 бала) аман алып шығып, денсаулық сақтау мекемесіне жеткізді, 19 адамның (оның ішінде 6 бала) мәйітін тиісті органдарға тапсырған.

Ал, медициналық топ 649 адамға (оның ішінде 72 бала) медициналық көмек көрсеткен. 

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Моңғолия жіберген 20 киіз үй Түркияға жетті

Published

on

16 ақпан, KAZNEWS. Моңғолия Үкіметі тарапынан Хатай қаласындағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек қолын созу үшін 20 киіз үй, 1500 көрпе, 10 тонна ет өнімдері, 2 тонна шам жіберген болатын. 

Түрік жұртына көмек ретінде жіберілген моңғол киіз үйлері тиелген жүк көлігі Хатай қаласына жетті.  

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Моңғолиялық құтқарушылар Хатая қаласында іздестіру жұмыстарына кірісті

Published

on

09 ақпан, KAZNEWS. Моңғолиялық құтқарушылары Хатая қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Сайнбуянгийн Амарсайхан.

Моңғолиялық құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстары басталғаннан бері қираған тұрғын үйлер арасынан 2 бала, 1 азаматты аман есен құтқарып қалған.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек3 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек5 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек5 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек6 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек6 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек8 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек9 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Басты назарда