KAZNEWS – 22 сәуірде Алматыда дзюдодан Қазақстан дзюдо федерциясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы аяқталды. Жарыстың бірінші күнінде 6 елдан 224 жасөспірім дзюдошы белдессе, екінші күні 7 елден 186 жас спортшы өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде, жасөспірімдер арасында өткен жарысты Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс және 20 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. 3 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болған Қырғызстан құрамасы үздік үштікті аяқтады.
Бұл жарыстан Моңғолия құрамасы да құр қалған жоқ. 60 келіде Сүхбат Бямбасүрэн, -90 келі салмақта Жандос Болашақұлы белдесуге барған. Нәтижесіне Сүхбат Бямбасүрэн Азия кубогының жеңімпазы атанса, Жандос Болашақұлы қола жүлдегер атанды.
Жандос Болашақұлы алғашқы кездесуінде қазақстандық Талас Алтайды иппон ұпайымен жеңіп, екінші айналымында Әнуарұлы Бексұлтаннан ұтылып қалды. Жұбаныш белдесуінде Ресейлік Бруинханов Максимнен айласын асырып, басымдық танытып иппон ұпайымен жеңді. Қола жүлде үшінгі белдесуде Жандосты қазақстандық Федоров Данил күтіп тұрған болатын. Жандос Данилдің арқасын 3:24 минутта татамиге тигізіп үлгерді.
Естеріңізге салсақ, Жандос Болашақұлы жастар арасында -90 келіде дзюдодан ел чемпионатының қола жүлдегері, самбодан мен моңғолдың ұлттық күресінен ел чемпионы екенін айта кеткеніміз жөн болар.
Жастар арасында өткен Азия Кубогының нәтижесі келесідей:
60 келі
- Сүхбат Бямбасурен (Моңғолия)
2. Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан)
- Болат Білал (Қазақстан)
- Шерзод Давлатов (Қазақстан)
-90 кг
- Васили Таранов (Ресей)
- Бексұлтан Ануарұлы (Қазақстан)
- Сардор Хуррамов (Өзбекстан)
- Жандос Болашақ (Моңғолия)