Connect with us

100 жаңа есім

Жандолла Мандатұлы: Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға болады

Published

on

01 наурыз, KAZNEWS. Жандолла Мандатұлы Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға болады және қалай ең таңдаулы оқу орнының студенті атануға болатыны туралы айтып берді. 

Жандолла Мандатұлы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы, авиация инженері мамандығы бойынша Корея Республикасының Пусан Ұлттық университетінің студенті @jandolla_

Мамандық таңдау жайында


Болашақ студенттер мамандық таңдау жұмысына өте мән берген дұрыс деп ойлаймын. Өзіңіздің не қалап тұрғаныңызды, және қайда, қандай университетте оқуға болатынын ертерек зерттеу қажет. Сондай-ақ арманыңыздағы университеттердің қоятын талаптарына бүгіннен бастап дайындалу маңызды болмақ.

Бала күнгі арманы

Мен бала кезімде ұшаққа отыруға әуес болдым. Үлкейгенде ұшқыш боламын деп армандайтынмын. Сол армандарымды орындау үшін оқушы кезімнен бастап ұшқыштар мектебіне қалай қабылдануға болатынын ұстаздардан сұрап, интернеттен көптеген ақпараттар қарайтынмын.

“Менің жолым болды”

Бала күнгі арманыма қол жеткізу мүмкіндігі орта мектепті тәмамдаған жылдары бұйырды. Кореяның Пусан Ұлттық университетінен арнайы ұстаздар Улаанбаатар қаласына келіп университетке қабылдау сынағын ұйымдастыратынын естіп қатты қуандым. Өзіме мақсат қойып аталмыш университеттің сынына дайындалдым.

Университетке түсу жайлы


Пусан Ұлттық университетіне түсудің әртүрлі шарттары бар. Математика, физика және ағылшын тілі пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуден 680-ден жоғары ұпай жинау керек. Халықаралық студенттерге IELTS керек. Мұнда 6 балл болуы шарт. Университетке математикадан сынақ тапсыру, ағылшын тілінде эссе жазу міндеттеледі.

Сондай-ақ университеттің сұхбаттасуы тағы бар. Кореядан келген ұстаздар ағылшын тілінде сұрақтар қойған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу ұпайымен IELTS ұпайларын салыстыра отырып стипендиямен оқу немесе ақылы оқу туралы шешім қабылдайды.

Мен бұл сынақтардың барлығын сәтті тапсырдым. Және арманымдағы мамандығым бойынша екінші жылда стипендиямен оқудамын.

Кеңестер

Болашақ студенттерге өз күштеріңізді сынап, 2021 жылғы Пусан Ұлттық университетіне құжат тапсыруларыңызға кеңес беремін.

Кореядағы студенттердің өмірі туралы

Біздің мектептің үлкен кампусы бар. Студенттерге қажетті нәрселерді дайындап береді. Университет ғимараты мен жатақханасы да заманауи талаптарға сай, соңғы үлгідегі қолайлы технологиялармен жабдықталған. Бұл студенттерге білім алу үшін үлкен шабыт сыйлайды.

Пусан қаласы Корея Республикасының екінші мегаполисі. «Корея Республикасының теңізді елордасы» деп те атайды. Егер Пусан қаласына жолыңыз түскен жағдайда Хэундэ аралына, Камчон мәдени аймағы мен Тхэджондэ саябағына, Хэдон Ёнгунса ғибадатханасы мен Сондо жағалауына міндетті түрде барып қайтуыңыз керек.

Advertisement


100 жаңа есім

Сәуле Серікбайқызы – Баян-Өлгийден шыққан граффити-суретші

Published

on

03 наурыз, KAZNEWS. Қабырғадағы ашық та қанық түстермен әрленген көз жауын алар суреттер мен жазуларды жиі кездестіреміз. Ал бұл туралы шын мәнінде не білеміз?

Бізге граффити өнерін түсіну үшін Сәуле Серікбайқызы көмектеседі.

Сәуле Серікбайқызы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы. Дарын орта мектебінің түлегі. Қазақстан Республикасының Қарағанды Мемлекеттік Университетін Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша тәмамдаған. @saule.mng


Граффити — ғимарат қабырғаларына, металл бұйымдарға сызылған және жазылған арнау мәніндегі және магиялық тұрмыстық сипаттағы жазулар деп түсінуге болады.

Бұл менің таңдауым

Бала күнгі арманым суретші болу емес еді. Бірақ сурет салуға деген махаббатым мені суретші болуға жетеледі. Бұл өнер әкемнен дарыған деп ойлаймын. Өйткені әкем қалалық архитектор қызметін көптеген жыл бойы атқарған. Сурет салуды маған ешкім үйретпеді. Бұл менің таңдауым. Өзіме ұнайды.

Ғимарат қабырғаларындағы граффитиден де өзге туындыларым көп.

Бұған дейін көптеген көрмелерге туындыларымды таныстырдым. Соның ішінде Азербайжанның Баку қаласында ұйымдастырылған көрме есімнен кетпейді. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген өнерпаздардың туындыларын көріп, өз өнеріммен салыстырып тәжірибе алдым.

Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласы мен Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласында мен салған стритарт суреттерім бар.

Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында көлемі үлкен, шеге және жіп арқылы жасалған туындым 1 миллион теңгеге бағаланған. Бұған дейін Қарағанды әкімінен 2011 жылы «Халық шебері» атағымен марапатталғанымды еске аламын.

Баян-Өлгийдегі граффити мен стрит-артқа сұраныс

Баян-Өлгий де граффити ге сұраныс бар. Ал стрит-артқа бір-екі рет сұраныс болды. Бізде өнердің құнын түсінбейтіндіктен тапсырыстардан бас тарттым.

Қазір қабырғаларға сурет салуға тапсырыстармен жұмыс жасап жатырмын. Әлеуметтік желі арқылы тапсырыстар келіп түсуде.

Сурет салу стилі & музыкалық талғамы

Мен сюреализм бағытында сурет салғанды ұнатпаймын. Басқа бағыттың бәрін ұстанамын. Сурет сызуды бастасам бітіруге асығамын. Бір туындыны сызып бітіру бір апта уақыт жұмсаймын. Көлемі үлкен немесе майлы бояумен болса екі аптада бітіруге тырысамын.  Ал үлкен көлемдегі граффити суреттер 1 айға жуық уақыт алуы мүмкін.

Музыка тындап жүріп сурет салғанды дұрыс санаймын. Музыка жанрына талғамым жоқ. Ұнаса тыңдай беремін.

Менің арманым суретші балаларға арналған арт-мектебін ашу.

Менің арманым болашақта суретші балаларға арналған арт-мектебін ашу. Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім алғандықтан ба балалармен жұмыс жасағым келіп тұрады.

Аймағымызда да сурет салуға қызығатын балалар көп. Бірақ бізде дамыту орталықтары аз. Балалардың өнерін дамытуға аз да болса да үлес қосқым келеді.

Сондай-ақ, жасалып жатқан жаңа туындыларым арқылы жеке шығармашылық көрме ұйымдастыру жоспарымда бар.

KAZNEWS AGENCY 

Continue Reading

100 жаңа есім

Композитор Бердібек Дәулетбекұлы: Моңғол, қазақ тілінде әндер жинағымды шығарамын

Published

on

17 ақпан, KAZNEWS. Анасының тілеуімен өнер жолын таңдап, үлкен мақсат қойып, сол үшін талпынып жүрген жас әнші, композитор Бердібек Дәулетбекұлы Моңғолияға Баян-Өлгий аймағын таныстырып жүрген жарқын азаматтардың бірі. @dauletbek.berdibek


Өзі және музыка жайлы


Мен, Баян-Өлгий аймағы Баяннуур сұмынында дүниеге келдім. Өнерге бала кезімнен әуес болдым. Бұл қабілетім ата, апамнан дарыған деп ойлаймын. Өйткені атам Құрман Ығизаұлы өнерлі адам болған. Ал, өнер жолына түсуіме анам себепші болды. Анамның тілеуімен өнер жолын таңдап, үлкен мақсат қойып, сол үшін талпынып жүрмін.

2010 жылы Улаанбаатар қаласына келіп Моңғолияның мемелекеттік Мәдениет және өнер университетінің “Шоу менеджмент” мамандығына түстім. 1 жылдан кейін мамандығымды ауыстырып Хор Дирижер мамандығы бойынша 5 жыл білім алып, ойдағыдай тәмамдадым.

Бакалавр бітірер кезде диплом жаздым. Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, Дирижер Қазақстан Республикасының халық әртісі, өнертану ғылымының докторы профессор академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов туралы зерттеулер жасап бакалаврлық дипломымды қорғадым. Сонымен қатар, қазақтың халық ақыны, әнші – композиторы Ақан Серінің “Қара Торғай” әнін монгол студентерге 4-5 тамаққа бөліп, қазақша орындатып барлығы 4 хор әндерімен дирижорлық сынын сәтті табыстадым.

2018 жылы “Mongolia’s Got Talent” шоуына қатысып, соңғы финалына дейін жетіп, үздік қатысушы атандым.

Алғашқы шығармамды 2012 жылы 20 қараша күні жазып, оны “Ғашықпын саған әлі де” деп атадым. Бұл шығармаға ұстаздарым өз бағасын беріп, шабыт сыйлады.

2020 жылы Моңғолия Композиторлар одағы ұйымдастырған “Морин хуур 2020” сазгерлер сайысында эстрада ән жанры бойынша табысты қатыстым. Н.Минжинсайхан сөзіне, менің әуеніме жазылған “Үүдэнд чинь ирээд буцлаа” әні үшінші сатыға өтіп, үздік 3 әннің қатарына енді. Әнді орындаушы Моңғолияның эстрада жұлдызы П.Баярцэнгэл болатын.

2020 жылдың қазан айынан бастап “Арумед” компаниясы, Принцесса клиникасының директоры Жанболат Тілеубекұлы шығармашылығыма қаржылай қолдау көрсетіп келеді.  Жанболат ағаға өнерді қолдап жүргені үшін алғыс білдіремін.

Моңғол тілінде 100 ден астам, қазақ тілінде 50 ге жуық шығармам бар.

“Бидэн хамтдаа” сөзі: Б.Болорцэрэн, әні: Д. Бердібек, орындаушылары Д.Бердібек, Э.Чулуунчимэг

“Чин зүрх” Сөзі: Ш.Гүрбазар, Әні: Д. Бердібек, орындаушы Ж.Баясгалан, Э.Мөнхтуяа

“Өлгей кеші”, Сөзі: Ә.Өзгерісхан, Әні: Д.Бердібек

“Ғажайып күй”, сөзі: Шамшырақ Хаутайқызы, әні: Бердібек Даулетбекұлы, орындаушы Гүлмайра Әкімқызы, Д.Бердібек

“Бақыт нұры” сөзі: Б.Зархум, әні: Д.Бердібек, орындаушы Д.Бердібек, К.Гауһартас

“Құт мекен” сөзі: Ғафу Есенбекұлы, әні: Бердібек Дәулетбекұлы, Қазақстан дауысының 3-ші маусым жеңімпазы Мұратбек Хайролдаұлының орындауында

Мақсаттар жайлы


Алдағы уақытта Моңғол, қазақ тілінде шығармашылық әндер жинағымды шығаруды жоспарлап отырмын.

Мықты сазгер болуға әр кез талпынамын. Мен өз халқымды сүйемін. Абай, Нұрғиса Тлендиев, Шәмші Қалдаяқов әндерін тыңдағанда көкірегімді мақтаныш кернейді. Халқыма сахнада, әр тойларда шырқап отыратын әндер жазу үшін іздену жолында еңбектеніп келемін.

Continue Reading

100 жаңа есім

Алтынбек Шәкерханұлы: Сурет салу өнері атасынан дарыған 18 жастағы суретші

Published

on

5 – ақпан, KAZNEWS. Алтынбек Шәкерханұлы – 18 жаста, суретші. Баян-Өлгий аймағының орталығынан 300 шақырым алыста орналасқан Булган ауылының тумасы. Желіде @Altynbek деген атпен танымал. Айтуынша сурет салу өнері атасынан дарыған. 

Алтынбек Шәкерханұлы 12 сыныпта оқиды. Оның салған қар барысы туралы туындысын Қобда қаласының автобус тұрақтарының бірінен кездестіруге болады.

Шабытым мектеп қабырғасында жүргенде ашылды

Оқушы кезімнен бастап сурет салуға әуес болдым. Телефон, интернет болмады. Сол кездері кітаптағы суреттерді сызу арқылы суретке деген сезімім оянды. Кейін табиғатты, жан-жануарларды және айналамдағы дүниелерді сыза бастадым.

9 сыныпта оқып жүргенде салған суреті

9 сыныпта оқып жүргенде салған суреті

Қазір интернетке қосылдық. Тарихи оқиғаларды суреттегенді ұнатамын. Танымал тұлғалардың портрет суретін нақышына келтіріп сызудамын.

Моңғолия Президенті Х.Баттулга, 2019 ж @Altynbek

Моңғолия Президенті Х.Баттулга, 2019 ж @Altynbek

Алғашқы портрет туындым ел Президентінің суреті еді. Бұдан кейін де көптеген тұлғалардың суретін салдым.

Қабілет пе, қанға біткен бе?

Бір туындыны салып бітіруге үш күннен он күнге дейін уақыт кетеді. Кейбір үлкен суреттер бір айға жуық уақыт алуы мүмкін. Кейбір туындыны күн демей, түн демей салған кездерім болды. Соған қарағанда сурет салу қабілетім қанға біткен сияқты. Өйткені сурет салу өнері атамнан жалғасқан деп ойлаймын. Атам ағаштан түйін түйетін шебер адам болған.

Мамандық таңдау

Әркім өзінің қалауы бойынша мамандық таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Мен суретші боламын деп мақсат қойдым. Бұл менің таңдаған жолым.

Continue Reading

100 жаңа есім

Роза Қуатбекқызы: Сүйікті әндеріме 2019 жылдан бастап кавер жаза бастадым

Published

on

Роза Қуатбекқызы, 24 жаста, әнші, @roz_iq_


Өзі жайлы


Баян-Өлгий аймағында туып өстім. Улаанбаатар қаласындағы Өнер, мәдениет университетін Опера әншісі мамандығымен бітірдім. Мамандығым Опера әншісі болса да эстрада жанрын да ұнатамын. Сондықтан бос уақытымда ылғи гитара ойнап ән айтып отырамын.

Кавер жайлы

Сүйікті әндеріме 2019 жылдан бастап кавер жаза бастадым. Алғашқы кавер түсіргеннен кейін адамдардың көңілінен қалай шығар екен деп ойлап толқыдым.

Ninety one тобы және Ziruza, Uteshov және басқа әншілердің әндеріне кавер жасап инстаграмға, Youtube желісіне жүктеп келемін.

Келесі каверге деген сұраныс көп. Тек Моңғолиядан ғана емес шетелден де келесі каверді күтеміз деп көптеген адамдар пікірлер қалдырды.

Көбінесе Қазақстандықтардан пікір көп келіп жатады. Менің каверіме қызығушылық жоғары болады деп ойламадым. Енді әліде жақсы контенттер жасауға тырысамын.

Сүйікті тобым Ninety One. Олардың әндерінің сапасы, шеберлігі ұнайды. Өте талантты жігіттер. Әр жаңа ән сайын жақсарып отыратыны ұнайды.

Оқырмандарға соңғы жаңалықтармен бөлісетін болсам, біз өзіміз де ән жазып бастадық. Альбом дайындаудамыз. Алғашқы әндеріміз жарыққа шықты. Ал әліде шықпаған әндеріміз де бар.

ST Production -дағы rapper Shoha ағамызбен өз ұнататын бағытымда ән жазып жатырмыз.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 days ago

Баян-Өлгийлік балалар Сорабан сампин бойынша онлайн сайыста жүлделі болды

Елімізде 10 сәуірде балалар арасында сорабан сампин бойынша онлайн сайыс өтті, – деп хабарлайды KAZNEWS ақпарат агенттігі Тояа балалар академиясының...

Дерек4 days ago

Марста жүрген робот селфи жіберді

11 сәуір, KAZNEWS. Марста жүрген Perseverance робот станциясы селфи жасады, – деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет WATSON деп аталатын құралдың...

Әлемде1 week ago

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы...

Спорт1 week ago

Солтүстік Корея 2 рет саяси, 1 рет пандемиялық жағдайға байланысты олимпиада ойындарына қатыспады

06 сәуір, KAZNEWS. Солтүстік Корея Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды. Солтүстік Корея Үкіметі бұған дейін 2 рет олимпиада ойындарына...

Әлемде1 week ago

Олимпиада – білім додасы

Олимпиада – білім додасы. Бұл сөздің мағынасы «ақиқат» және «түсінік, білім» деген мағыналарды береді. Ежелгі Грекияда басын бұлт ораған ең...

Әлемде2 weeks ago

Түркістан Декларациясы

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бейресми саммитінің Түркістан Декларациясы 2021 жылғы 31 наурыз 2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің...

Әлемде3 weeks ago

Жо Байден 100 күнгі жоспарын уақытынан бұрын орындады

28 наурыз, KAZNEWS. АҚШ президенті Жо Байден 25 наурызда Ақ үйде қызметіне кіріскелі бері алғаш рет баспасөз конференциясын өткізді. Жо...

Әлемде3 weeks ago

Еуразия ұлттық университеті мектеп бітіруші түлектерді қабылдауға дайын

Биыл Қазақстан Республикасының жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына биыл жиырма бес...

Басты назарда