25 қазан, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапарымен келді.
Жалғас Әділбаев жұмыс сапары аясында Ақтан Бабиұлы атындағы аймақтық Кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрмені ашып, кітапхана ұжымына зияткерлік негізінде әзірленген «сөйлейтін қалам» мен «Даналық әліппесі» халықтық туындыларын табыс етті.
Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің Консулы Шынар Жұматеава, Баян-Өлгий аймағы Әкімі Іс басқармасының Мемлекеттік әкімшілік департментінің басшысы Ербол Доманұлы, Ақтан Бабиұлы атындағы аймақтық Кітапхана диреторы Алтынгүл Дәлелқызы, Туран Ворлд компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы және өзге өкілдер қатысты.
Шетелдегі қазақ балаларының ана тіліндегі білімін жетілдіруге бағытталған бастама арқасында Баян-Өлгий аймағының орталық және ауылдық жердегі кітапханалар «Даналық әліппесі» топтамасымен толықты.
Топтама құрамында «Билер сөзі», «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Домбыра күйі», «Қобыз үні», «Бесік жыры», «Нақыл сөз», «Халық жыры», «Халық тағылымы», «Халық ертегісі», «Халық әні», «Халық аңызы» атты қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін кітаптар бар.