KAZNEWS – Моңғолияда Парламент (Мемлекеттік Ұлы Хурал) сайлауы 1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012 және 2016 жылдары өткен.
1990-жылғы алғашқы Халық Ұлы Хуралының еркін сайлау нәтижесінде Моңғолияның алғашқы тұрақты парламенті болып табылатын Мемлекеттік Кіші Хуралы жасақталып, орынбасары болып Зардыхан Қинаятұлы, мүшелері Болат Әжіқанұлы, Самат Насырұлы жұмыстаған.
Сонымен, Баян-Өлгий халқы 1992-2016 жылдар аралығындағы Парламент (МҰХурал) сайлауында кімдерге сенім білдірді.
1992 жылғы сайлауда Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлы, Володя Қамбарұлына,
1996 жылғы сайлауда Сандалхан Раздақұлы, Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлына,
2000 жылғы сайлауда Сандалхан Раздақұлы, Жекей Қалидолдаұлы, Нигамет Онгышұлына,
2004 жылғы сайлауда Мұрат Әукетайұлы, Сайран Қадырұлы, Бәкей Ағыпарұлына,
2008 жылғы сайлауда Тілейхан Әлмәлікұлы, Бәделхан Қабдсіләмұлы, Жекей Қалидолдаұлына,
2012 жылғы сайлауда Тілейхан Әлмәлікұлы, Бәкей Ағыпарұлына сенім білдірсе,
2016 жылы Парламент сайлауында Баян-Өлгий халқы Бәделхан Қабдісіләмұлы, Солтан Ғомбыжайұлы, Дәкей Мұратұлына сенім білдіріп, Моңғолия Парламенті мүшесіне сайлаған.