Connect with us

Мәдениет

“Хийморь” фильміне ойнаған Қазақстандық әртістердің суреттері жарияланды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия, Қазақстан, Америка, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінің актерлері бірлесіп ойнаған, моңғолиялық режиссер Г.Эрдэнэбилэгтің “Хийморь” фильмі 2019 жылы 5 қаңтарда Моңғолияның астанасы Улаанбаатар қаласында таныстырылған болатын.

“Хийморь” фильмі Моңолияның мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ч.Лхамсүрэннің “Күрең ат” поэмасының негізінде түсірілді.

Басты рөлі жылқы мен кішкентай бала.  Отан. Ел мен жер. Фильмдегі барлық кескін басты рөл.

Фильмге тұздық ретінде Ресейдің ұлы отан соғысындағы қасірет (Ресейлік актер Василий Мищенко), Қазақ халқының дәстүрі, қазақ ақсақалы мен оның ұрпағын жалғайтын ұлы, бұның барлығы адамзаттың шынайы қарым қатынасы бейнеленген. Кино сюджеті Баян-Өлгий (Сырғалы жайлауы), Өмнөговь, Дундговь аймағында  түсірілген.

Қазақстандық Айдос Бектемір, Нұрлан Әлімжанов, Ақниет Беласарова қатарлы әртістер ойнаған.

Мәдениет

Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындады

Published

on

13 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер А.Анхбаяр мен Б.Чанцалдулам ақын сазгер Тынышбайұлы Рахымның «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындап, әлеуметтік желіде хит болуда. Казньюс ақпараттық агенттігі қос әншімен байланыс орнатып, әңгімеге тартқан еді.

«Алтайдың ар жағынан келген ару» әні 90-жылдары хит болған ән. Қазір де сахна төрінен орын алып, әртүрлі әншілер шырқап келеді. Осы әнмен қай кезден таныссыз?

– А.Анхбаяр: Қайрлы күн! Ең алдымен барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Бұл әнді алғаш рет 1993 жылы Увс аймағында әскери міндетімді атқарып жүрген кезде Баян-Өлгий аймағынан келген Молдаш, Қуанған, Аманбек есімді қазақ әскерлер аузынан естіп, сөзі мен әнін жаттап алған едім. Содан бері ішімнен ыңылдап айтып жүретінмін. Өнер жолын қуғаннан бері Қобда аймағының Бұлғын, Қобда сұмындарына гастрольдік сапармен барған кездерде гитарамен есімде сақталған сөздерін «теріс болып кетуі мүмкін» деп, көрермендер тілегі бойынша орындап беретінмін. Халық өте жақсы қабылдағандықтан арнайы орындау қажет екен деген ой туды.

Бұл әнді қазақша орындау идеясы қашан туды?

– А.Анхбаяр: Жалпы кез келген шығарманы жазылған тілінде, өз мақамымен тарихи дәстүрін сақтай отырып орындауға тырысамыз. Моңғолшаға аударып айтуға болар еді. Бірақ солай жасайық дегенді еш ойламаппыз. Қазақ халқы сүйіспеншілігіне бөленген шығарма болғандықтан мағынасы қандай, қалай орындасақ болады деп ойлап, зор жауапкершілікпен қарадық. Ең жақсы және сөзін дұрыс орындап шығуға тырыстық.

– Б. Чанцалдулам: Сәлеметсіздер? Тыңдаушылар мен оқырмандарға сәлем жолдаймын. Біз дос болып жүріп үйленіп, отбасын құрғанымызға 15 жыл болды. Алғаш танысқан кезде Анхаа маған гитарамен бір ән орындап беретін. Ол әннің сөзін түсінбесем де әуені керемет болатын. Сөйтсем осы ән екен. Махаббат туралы ән әрі музыкасы көңілімнен шыққан соң бұл әнді ұнатып қалдым. Содан дует болып орындайық деп жолдасыма ұсыныс жасадым. Ол да қуана келісті /күліп/

Авторлық құқық мәселесі қалай шешілді?

-Б.Чанцалдулам: Біз екеуіміз шығармашылық пен авторларға өте құрметпен қараймыз. Кез келген шығарманы авторларының рұқсатын алып, содан кейін ғана көпшілікке жария етеміз. Елімізде Моңғолия композиторлары және шығармашылық иелерінің МОСКАП атты ұйымы бар. Олар сазгерлер мен ақындардың авторлық құқығын қорғаумен қатар Азияның 30-дай елімен қарым-қатынас орнатқан. Анхаа өзі сазгер болғандықтан да осы одаққа мүше. Біз жоғарыдағы әнді орындау тілегімізді білдірдік. Содан олар біздің атымыздан Қазақстандағы ұйымдарымен байланысқа шығып, рұқсатын алып берді.

Қазақша орындау кезінде қандай қиындықтар болды?

-А.Анхбаяр: Біз бірдей крилл әрпін қолдансақ та 4-5 әріп бөлекше таңбаланып, бөлекше айтылады. Сол дыбыстарды дұрыс айтпасаңыз, сөз мағынасы өзгеріп кетуі мүмкін деп ойлап, дәлме-дәл жеткізуге шамамызша тырыстық.

-Б.Чанцалдулам: Қазір ғаламтор дамып, әлеуметтік желі қанат жайған дәуірде кез келген тілдегі әнді тыңдау қабілеті бойынша айту мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуанамын. Осы әнді жаттау үшін оны youtube-ден жүктеп алып, 10-дай әншінің орындауындағы сөздермен салыстырып айтып көріп, жаттыққан соң ғана дыбыс жазуға кірістік. Бұған «Mongolia’s Got Talent» шоуының таңдаулы қатысушысы Бердібек бауырымыз қол ұшын беріп көмектесті. Соның нәтижесінде ән өте сәтті шықты деп ойлаймын.

Алғаш рет қазақ ән орындадыңыздар. Өздеріңізге көңілдеріңіз толды ма?

-А.Анхбаяр: Қазақ әндерінің әуені керемет болады. Сол үшін де олардың шығармаларында биік құзар шыңдар, әдемі табиғат, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілетіні ұнайды. Менің әкем мен анам екеуі де әскери адамдар болғандықтан Увс аймағының Бөхмөрөн сұмыны өлкесіндегі шекаралық заставада міндетін атқаратын. Ол жерден көп алыс емес Ногооннуур сұмынындағы қазақ халқымен аға-бауыр сияқты қарым-қатынаста болуымыз менің бақытты балалық шағымның естен кетпес сәттері ретінде есімде сақталып қалды. Сондықтан да бұл ән жаныма жақын.

-Б.Чанцалдулам: Расын айтқанда, тілін түсінбегендіктен қазақ халқы жайлы жақсы білмейтінмін. Ал қазір ізденіс барысында олардың салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімі мен тарихына деген қызығыушылығым оянып, олармен жақынырақ достасуға ниеттеніп отырмын. Достар да таптым /күліп/.

Моңғол ағайындарға бұрыннан танымал, сүйіп айтатын қазақ әндері де баршылық. Мысалы, «Ана туралы жыр» дегендей. Басқа қандай әндерді білесіз?

-А.Анхбаяр: «Ана туралы жыр», «Сүйгенім менің қалада», «Әкеме», «Ақтамақ» қатарлы әндерді тыңдап жүріп жаттап алдым. Енді ресми түрде толықтап, қайта орындауды жоспарлап отырмыз /күліп/.

Сіздер қазақ тілінде сөйлемесеңіздер де, бұл шығарманы нақышына келтіріп орындапсыздар. Халыққа да ұнапты. Сіздерге әлеуметтік желі арқылы алғыстарын да жеткізіп жатыр. Сіздерге бұдан да зор шығармашылық табыс тілейміз!.

-А.Анхбаяр: Көп рақмет! Өздеріңізге де табыс тілейміз!

-Б.Чанцалдулам: Әнді жарыққа шығарғалы көп болмаса да, қазақ халқының зор алғысына бөленіп жатырмыз. Бұл бізді ерекше жігерлендірді. Тезірек әдемі киімдер тіккізіп, клип жасап шығаруды ойлап отырмыз. Сіздерге бізді құрметтеп, сұхбат жасау мүмкіндігін беріп отырғандарыңызға алғыс білдіреміз. Оқырмандар мен барша қазақ халқына тек қана әлемдегі бар жақсылықтарды тілейміз!

-А.Анхбаяр: Мен де жарымның тілегіне қосыламын. Кешікпей басқа да қазақ әндерін сахнада орындауға жазсын! Рақмет!

Continue Reading

Мәдениет

Құндыз Серікбергенқызы “Қазақ дауысы” жобасына қатысып жатыр

Published

on

11 қаңтар, KAZNEWS. «Қазақ дауысы» – «Qamshy.kz» порталының арнайы жобасы. Бұл жобаға Моңғолиядан жас әнші Құндыз Серікбергенқызы қатысып жатыр.

Құндыз байқаудың алғашқы кезеңінде “Сыңар аққу болмайды” әнін орындаған.

Байқаудың екінші кезеңінде ең әуелі халық әні “Балапан қаз” әнін сәтті орындады.

Эстрада жанры бойынша Аманжол Бәделұлының сөзіне жазылған Бердібек Дәулетбекұлының әні “Ғазиз ана”-ны орындаған.

Жеңімпаздар Рамазан Стамғазиев бастаған өнер майталмандары қазылық жасайтын байқауда бақ сынап, 3 миллион теңгенің иегері болады.

Құрметті оқырман қауым сіздерді Құндыз Серікбергенқызына дауыс беруге шақырамыз.

Бағалау шарттары:
Жүлдегерлер тыңдарманнан жинаған дауыс саны және қазылар алқасының шешімімен анықталады (Тыңдарман дауысы – 50 пайыз, қазылар дауысы – 50 пайыз). Қатысушыға дауыс беру сайттың мобилді қосымшалары (qamshy.kz – IOS, Android) арқылы жүргізіледі.

Құндызға дауыс беру үшін мына жерге басыңыз.

Құрметті оқырмандар, қатысушыларға Qamshy.kz сайтының мобильді қосымшасы арқылы дауыс бере аласыздар. Мобильді қосымшаны IOS, Android қолданушылары жүктей алады. Qamshy.kz порталы мен «Қазақ дауысы» жобасының инстаграмдағы парақшасы (@qamshy_media, @qazaq.dauysy) мен Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған қатысушы видеосын қолдаушылар саны мен пікірлер ескеріледі.

Continue Reading

Мәдениет

Дастан Қаламханұлы халықаралық байқауда жүлдегер атанды

Published

on

18 желтоқсан, KAZNEWS. Суретші Дастан Қаламханұлының «Алтай көші» деп аталатын туындысы «New York Realism» деп аталатын халықаралық бейнелеу өнер байқауының «Жасыл әлемге саяхат» жанрында қола жүлдесін жеңіп алды.

Байқауға АҚШ, Германия, Франция, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан қатарлы елдерден суретшілер қатысып, өздерінің туындыларын ұсынған.

Дастан Қаламханұлы 2018 жылы «Шығыс Түркістан, атпаған таң» туындысы арқылы Туран халықаралық байқауының жүлдегері, 2019 жылы «Бүркітші» туындысы арқылы АҚШ-та жеңімпаз атанған болатын.

Continue Reading

Мәдениет

Tsogsogmaa ft Berdibek – Махаббатқа толы жаңа жыл

Published

on

Моңғолиялық жас әнші Бердібек Дәулетбекұлы мен Цогсогмаа бірлесіп “Махаббатқа толы жаңа жыл” атты әндерін ұсынды.

Әннің музыкасын Бердібек Дәулетбекұлы, сөзін Ч.Нандинцэцэг, аранжировкасын Ауғантай Исаұлы дайындаған.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде4 days ago

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы...

Спорт5 days ago

Солтүстік Корея 2 рет саяси, 1 рет пандемиялық жағдайға байланысты олимпиада ойындарына қатыспады

06 сәуір, KAZNEWS. Солтүстік Корея Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатыспайды. Солтүстік Корея Үкіметі бұған дейін 2 рет олимпиада ойындарына...

Әлемде5 days ago

Олимпиада – білім додасы

Олимпиада – білім додасы. Бұл сөздің мағынасы «ақиқат» және «түсінік, білім» деген мағыналарды береді. Ежелгі Грекияда басын бұлт ораған ең...

Әлемде1 week ago

Түркістан Декларациясы

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бейресми саммитінің Түркістан Декларациясы 2021 жылғы 31 наурыз 2021 жылғы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің...

Әлемде2 weeks ago

Жо Байден 100 күнгі жоспарын уақытынан бұрын орындады

28 наурыз, KAZNEWS. АҚШ президенті Жо Байден 25 наурызда Ақ үйде қызметіне кіріскелі бері алғаш рет баспасөз конференциясын өткізді. Жо...

Әлемде2 weeks ago

Еуразия ұлттық университеті мектеп бітіруші түлектерді қабылдауға дайын

Биыл Қазақстан Республикасының жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына биыл жиырма бес...

Дерек3 weeks ago

Наурыз туралы қызықты 10 дерек

21 наурыз, KAZNEWS. Наурыз – бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және...

Дерек1 month ago

Әйелдер туралы ең қызықты 5 дерек

09 наурыз, KAZNEWS. Әлемнің бірқатар елдері халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті. Айрықша сыйлық беріп, нәзік жанды аруларға құрмет көрсетті. Түрлі...

Басты назарда