KAZNEWS – Моңғолия, Қазақстан, Америка, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінің актерлері бірлесіп ойнаған, моңғолиялық режиссер Г.Эрдэнэбилэгтің “Хийморь” фильмі 2019 жылы 5 қаңтарда Моңғолияның астанасы Улаанбаатар қаласында таныстырылған болатын.
“Хийморь” фильмі Моңолияның мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ч.Лхамсүрэннің “Күрең ат” поэмасының негізінде түсірілді.
Басты рөлі жылқы мен кішкентай бала. Отан. Ел мен жер. Фильмдегі барлық кескін басты рөл.
Фильмге тұздық ретінде Ресейдің ұлы отан соғысындағы қасірет (Ресейлік актер Василий Мищенко), Қазақ халқының дәстүрі, қазақ ақсақалы мен оның ұрпағын жалғайтын ұлы, бұның барлығы адамзаттың шынайы қарым қатынасы бейнеленген. Кино сюджеті Баян-Өлгий (Сырғалы жайлауы), Өмнөговь, Дундговь аймағында түсірілген.
Қазақстандық Айдос Бектемір, Нұрлан Әлімжанов, Ақниет Беласарова қатарлы әртістер ойнаған.