21 наурыз, KAZNEWS. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх жарлық шығарып, мемлекетке көп жылдар бойы қызмет атқарған бірқатар азаматтарды мемлекеттік атақ, орден, медальдармен марапаттады.
50 жылдан астам білім беру саласында жемісті еңбек етіп, биология, табиғат және экология саласының жүздеген мамандарын, ғалымдарды, ұстаздар мен зерттеушілерді даярлап шығарды. 60-тан астам оқу-зерттеу кітаптарын, оқу құралдарын, 100-ден астам ғылыми еңбектерді жасады. 7 ғылыми-зерттеу жұмыстары, 3400-ден астам түрдегі 14500-ден астам жәндіктер туралы анықтамалық материалдар, жәндіктер мен буынаяқтылардың 7 жаңа түрі, жануарлардың 80-нен астам түрі және биология ғылымының дамуына қосқан құнды үлестері үшін Моңғолия Ұлттық университетінің ғылым мектебінің биология кафедрасының кеңесші ұстазы, доктор Қаманұлы Ұлықпанға Моңғолия Президентінің жарлығымен Моңғолияның “Еңбек сіңірген ұстаз” атағы берілді.
Сонымен қатар, “Еңбек сіңірген ұстаз” атағы Улаанбаатар қаласы Налайхан ауданының Ардагер ұстаздар одағының басқарма мүшесі Қалидолдойқызы Ризагүлге берілді.