7 шілде, KAZNEWS. Кеше ҚР Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Мәжіліс депутаты Болат Керімбек бастаған “Отандастар” коммерциялық емес акционерлік қоғамы” қоры мүшелері, “Қазанғап Тәттімбет” атындағы Қарағанды облыстық филармониясы ұжымы, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы, Баян-Өлгий аймағының экс әкімі Хабсатор Омарұлы қатарлы өкілдер Монғолияның Ховда аймағында іс-сапарда болды.
Ховда аймағының әкімі Энхбат Болормаамен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы достық, мәдениет, білім, ғылым, сауда – экономикалық мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, бизнес өкілдерімен кездесу, Қарағанды облыстық филармониясының концерті ұйымдастрылды.