Сәуірдің 10-23 күндері, ел астанасы Улаанбаатар қаласында футзалдан “Grossroots” Республикалық чемпионат болып өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағының Футзал федерациясының жаттықтырушы Хамит Тойлатұлы хабарлады.
Жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен 1400 ден жоғары спортшы қатысып шын мықтыны анықтады.
Аймағымыздың 11 және 12 жас спортшылары аталған додаға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
11 жас 26 команда, 12 жас 32 команда жарысқа қатысты.
11 жас бойынша өнер көрсеткен спортшыларымыз топтық кезеңде:
УБ сити командасын 2:3 Баян Өлгий, Дэрэн клубымен 5:5 Баян Өлгий, Орхон 5:3 Баян Өлгий есебімен ойын көрсетіп топтық кезеңге шықты.
1/16 финалда Лионс командасын 2:5 есебімен ұтты.
1/8 финалда Монцолоолой командасын 5:1 есебімен есе жіберіп, жалпы есеп бойынша 8- орынға табан тіреді.
12 жас бойынша өнер көрсеткен аяқдоп шеберлері, топтық кезеңде:
Увс 0:5 Баян Өлгий, Монцоолой 2:2 Баян Өлгий, Эхлэл командаларын 2:4 есебімен ойсырата ұтып топтан 1-орынмен келесі кезеңге жолдама алды.
1/16 финалда:
ДМЮ 2:4 есебімен ұтты және 1/8 финалда
Дэрэн 1 клубына 5:1 есебімен есе жіберді.
Жалпы есеп бойынша 5- орынға табан тіреді.
Естеріңізге сала кетсек, аталған Дэрэн клубы жалпы қортынды бойынша бірінші орынға ие болды.
Баян-Өлгий футзал командасының жаттықтырушысының айтуы бойынша алды алта ай, арты 2 ай ғана жаттыққан жас спортшылар болса да еліміздің тарихы терең азулы клубтарына қарсы керемет өнер көрсеткен.
Алдағы уақытты аталған жарыс, іс шараларға тұрақты қатысу жағын жоспарлап отырмыз және үздік үштікке ену жолында аянбай жұмыстар жасалатының айтты.