Connect with us

Мақала

Еуразия ұлттық университеті мектеп бітіруші түлектерді қабылдауға дайын

Published

on

Биыл Қазақстан Республикасының жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына биыл жиырма бес жыл толып отыр.

Бұл университетте мамандарды даярлау жүйесі бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деп аталатын үш саты бойынша жүргізіледі. Талапкерлерді оқуға қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Ел астанасында орналасқан ұлттық білім шаңырағындағы Журналистика және саясаттану факультеті республика бойынша озық мамандар даярлайтын бірден-бір шығармашыл-педагогикалық ұжым. Бұл факультетке шығармашылыққа бейімі бар таларкерлер арнайы іріктеуден өткен соң ғана қабылданады. Факультетте әр жылдарда ақпарат пен коммуникация, сондай-ақ саясаттану саласынының танымал тұлғалары білім алған.

Факультеттің құрамындағы Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы телевизия мен радио, қоғаммен байланыс, цифрлық меди басқару, спорт журналистикасы білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен магистранттарды, докторанттарды оқытады. Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақыны Серікзат Дүйсенғазы басқаратын ұжым шетелдермен тығыз байланыс орнатқан. Ол кафедрада Монғолия мемлекетінің орта және жоғары мектебін бітірген шәкірттер де білімін жалғастырып, еңбек етіп жүр.

Олардың қатарында, Баян Өлгийдің тумасы, біраз жылдар Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарған ақын Ықылас Ожайұлын, «Qazaqstan» ұлттық арнасы «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының жетекшісі Аргентина Жәнібекті, журналистер Ербол Жанат, Аманбек Мағзұмханұлы, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының магистранты Айжан Қатираны Еркегүл Қайратқызы, т.б. атап айтсақ болады.

Еуразия ұлттық университетінде шетелден келгендерге арналған дайындық курсына келіп түскен жастардың қатарында Баян Өлгий аймағынан келетін шығармашыл талапкерлер көп. Соның бірқатары жыл сайын журналистика және саясаттану факультетіне оқуға түседі.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті келешекте де Монғолиямен байланысын жалғастырып, мектеп бітіруші түлектерді қабылдауға дайын.

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы

Advertisement


Мақала

Қазіргі білім беру бағытындағы нық қадамда

Published

on

80 жылдық астам тарихы бар Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті облыстың алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі. Оның құрамында «Журналистика» мамандығының ашылғанына биыл 20 жыл. Магистранттар қазақ және орыс тілінде оқиды. Бірқатар практик-журналистер аталмыш мамандықтың магистратурасын таңдап, білімдерін жетілдірумен келеді.

Жаңа оқу жылында да таңдаудан тыс қалмаған мамандық «PR-журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдады. Мемлекеттік грант иегерлері атанып шәкіртақыға қол жеткізді.Айта кетейік, бұл өңірде осы мамандық ашылғалы Монғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен білім алушылардың қатары артып келеді. Солардың қатарында мен де бармын. Тәжірибелі профессор-оқытушылардың құрамы профессор әрі Қазақстан Жоғары мектеп Академиясының академигімен, филология ғылымдарының доценттерімен, сонымен қатар PhD докторымен, магистрлермен жетіле түсті.

Журналист мамандығын таңдаған студенттердің көпшілігі оқумен қатар осы салада алғашқы тәжірибесін қалыптастыра алады. Сондықтан, студенттер оқу барысында газет немесе телерадио арналарында және сайттарда жұмыс істеу арқылы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде диплом алғанда еңбек өтілісі (стаж) бар маман болып шыға келеді. Біздің университетте түлектердің жұмыспен қамтылу мәселесіне баса назар аударылады. Осы мақсатта жүйелі түрде жұмыстар атқарылып тұрады. Мәселен, соңғы жылдағы статистикаға сүйенсек түлектердің жұмысқа орналасуы 90% құрайды. Сондықтан биылғы білім беру саласында болып жатқан өзгерістермен танысып қана қоймай мүмкіндікті барынша пайдалануды алға мақсат тұтқан жөн.

Аталмыш оқу орындарында докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электронды форматта өтеді. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде қолданылды. Жаңа оқу жылына Солтүстік Қазақстан университеті 3 бағыт бойынша докторанттардың құжаттарын қабылдайды. Олар: бизнес, басқару, және құқық; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; Инденерлік, өңдеу және құрылыс саласы.

Ал магистратура бойынша екі бағытта мамандар даярлайды. Нақты айтқанда, бейінді оқу мерзімі – 1 жыл және ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл.

Оқуға түсу үшін тапсыратын құжаттар туралы https://www.nkzu.kz/page/view?id=42 сайтынан толық ақпарат ала алуға болады.

Журналистика мамандығы «PR-журналистика» және «Журналистика» бағытында білім беру бағдарламаларын ұсынады. Кешенді тест тапсыруға қатысу үшін өтініштер 2021 жылғы 1 қараша мен 15-ші қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы қабылданады. Кешенді тесттің ақысы онлайн режимінде төленеді. Ұлттық тестілеу орталығы кешенді тестілеумен оқуға түсу емтихандарын желтоқсан айында жүргізбек. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің қабылдау комиссиясы ниет білдірушілердің сауалдарына жауап беруге әрқашан дайын.

“Журналистика” кафедрасы және студент Ақмарал Ханат

Continue Reading

Мақала

АСҚАҚ АРМАН

Published

on

Мен 2002 жылы 21 шілдеде Моңғолияда, Баян-Өлгей аймағында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Отбасымда ата-анам, ағаларым бар.

Алға қойған мақсаттарым көп… Мектеп бітіргеннен кейін алдымда өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі – оқу орнын таңдау болды. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым,бірақ өз елімнен емес менің назарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсу- әрбір түлектің арманы болғаны анық. Себебі алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі де бірегейі . Биыл грантқа түсу мақсаты болып жүрген жас тыңдаушылардың бірімін.Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде онлайн режимінде білім алып жүрмін.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады.Бұл жоғарғы оқу орынына түсу,білім алу әр түлектің арманы деп ойлаймын. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Мемлекеттік тапсырыс бойынша жылына 150-ге жуық тыңдаушыны Ұлттық бірыңғай тестке дайындайды. Тыңдаушыларды Қазақстандағы өздері қалаған жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың жаңа тілдік және әлеуметтік ортада жақсы үйренісіп кетуіне, Қазақстан мәдениеті мен тарихы, ұлтымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін терең игеруге мүмкіндік береді. Сапалы білім беру нәтижесінде дайындық факультеті шетел азаматтарының сұранысына үнемі ие болып отыр. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұрады, мен өзімнің осы күннен бастап жаңа өмірге араласа бастағанымды сезінгендей болдым. Мен 6- шы дайындық тобында оқимын.Кураторымыз Идрисова Гүлжан Асанқызы. Ол оқу сауаттылығы пәнінен дәріс береді.Сонымен қатар тарих пәні, математика,физика пәндері оқытылады.Ұстаздарымыз Бегалиева А.К; Несипбаева С.К ; Тұрсынбек А.М -үздік оқытушылар. Қашықтықтан оқыту боп жатса да сабақтан тыс шаралар көптеп өтіледі.Кураторымыз Идрисова Гүлжан Асанқызы әртүрлі тақырыпта көптеген пайдалы кураторлық сағаттар өткізеді.Сонымен қатар Айша апайдың ұйымдастыруымен ‘Жауқазын’ үйірмесі және «Сахна әлемі» атты үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл ұстаздардың шәкірттері көптеген жарыстардан алдыңғы қатарлардан көрініп жатыр.Осындай білікті білімді апайлардан білім алып жатқанымызға қуанамыз. Біздің өмірде өз орнымызды табуымызға, адам болып қалыптасуымызға септігін тигізген аттары аталған, аталмаған ұстаздарымызға мың да бір алғыс айтамыз. Өз қызметтерін мүмкіндігінше атқарып, біздің өмірімізде ұмытылмастай іздерін қалдырған ұстаздарымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
6 топ тыңдаушысы Айман Жанболат

Continue Reading

Мақала

Integration of MOOC disciplines in the educational process

Published

on

A.Zhaparova, PhD,
I.Azimbayeva, senior teacher
Department of Foreign Philology
and Translation Studies,
Al-Farabi Kazakh National University

Massive open online course (MOOC) – makes it possible to implement a policy of support to implement virtual academic mobility and highlight routes for e-learning online. The MOOC is very convenient for a deeper study of the topic, for expanding, deepening the content of academic disciplines, both with individual diligent and talented students, and for the whole group.
Today, an appeal to the MOOC provides an opportunity to carefully consider individual sections of the disciplines. Therefore, the teachers of the Department of Foreign Philology and Translation Studies, Al-Farabi Kazakh National University along with the traditional teaching method, have taken into their hands the practice of using, according to topics and levels, several online courses on the Coursera portal. For example, projects in the discipline “Scientific Writing”: “Writing a Research Paper”; on the subject “Grammar in Use” / “Normative Grammar of FL in practice”; project: “Learn English: Intermediate Grammar”, in the discipline “English for Academic Purposes” project “Writing in English at University”. We believe that the skills acquired in this specialty will have a beneficial effect on their professional skills. Massive open online courses in these disciplines enable students to achieve success in the professional field. They will learn how to conduct academic research and accurately express their ideas in an academic format. At the end of the course, students prepare a diploma work, as well as prepare a scientific work on the chosen topic, where they can demonstrate their acquired knowledge. This makes the student’s independent work meaningful, systematic and of high quality, and also forms competence and self-discipline, which is very important when working with students.
The advantage of massive open online courses is that in order to obtain a certificate, you must successfully complete the project. It is a working tool in organizing student research work. Students conduct research on selected academic topics: make a short, annotated bibliography, which makes it possible to differentiate literary sources; can draw conclusions and inferences, exploring the scientific and conceptual structure of research from the theoretical and practical side: problem, objectives, goals, object, discipline, hypothesis, methodological basis, main idea, research methods, research novelty.
But sometimes in massive open online courses, scheduling student time is not always convenient. In many courses, the time is limited, so the availability of some materials (mid-term texts) is given for a certain time, after which it is impossible to work with them.
Considering the fact that any experience can be a necessary, important and vital lesson, the ability to work with the MOOC and use it efficiently for your work will certainly be an important experience.

Continue Reading

Мақала

«Аудармашы» мамандығы жайлы не білу керек?

Published

on

Әзімбаева И.Қ., Төңкер А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетел филологиясы
және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысылары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аударма теориясы мен практикасының заманауи әдіснамасын талдап, заманауи ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып, аударма теориясы саласында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізіп отырған Шетел филологиясы және аударма ісі каферасында «Аударма ісі (батыс тілдері) (6B02304)» мамандығы бойынша болашақ аудармашылар білім алады.
«Аудармашылар дәуірі» атанған ХХ ғасырда ғылымның барлық сан түрлері сынды «аударма» да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. «Кәсіпқой бір мамандық» ретінде аудармашылыққа және аудармашыға селқос қойылатын талаптар қазіргі таңда біршама өзгерген, жаңарған. Осы орайда жаңа білім беру кеңістігіндегі аудармашылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында мына талаптар жайында сөз қозғамақпыз.
Аудармашы және оның Ана тілі: Аудармашы өз ана тілін жетік меңгеріп, тілдік қабаттарының сырларына терең бойлауы тиіс. Мәтіндерді, әсіресе көркем әдеби мәтіндерді аударған кезде туындайтын ең басты қиындық, аудармашының өз ана тілін жеткілікті деңгейде білмеуі. Болашақ аудармашы басқа тілді үйренбей тұрып, алдымен өз ана тілінің тарихи дамуын, сөздік қорын, сөйлем жүйесі мен синтаксистік құрылымын өте жоғарғы деңгейде білуі тиіс. Көркем туындының жазылуына да, аударылуына да үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігі дау де тудырмайды. Ал ұлттық сипаты қанық, ұл тағдырының, ұлт тарихының бар асылын, бар ауыртпалығын бір бойына сыйдыратын көркем шығармаларды аударудың жауапкершілігі оны жазып шығудың жауапкершілігінен жоғары болмаса, төмен болмауы керек.
Аудармашы және Сөздіктер: Сөздіктер, еш күмәнсіз өте маңызды көмекші құралдар. Алайда, аудармашылар сөздікке деген фетишизмнен құтылуы керек. Сөздіктер, тіл теңізінің тек сыртын ғана қалыптастырады. Ал мәтін мен аударма тілі сол теңіздің түбіндегі маржандар. Болашақ аудармашы сөздіктерді аударманың басты құралы ретінде қарастырмауы керек, олардың тек мәдениетке қарай ашылған есіктердің бірі екенін аңғаруы қажет.
Аудармашы және Мәдениет: Болашақ аудармашы білетін тілдерінде ұқыпты, әрі кірпияз оқырман болуы тиіс. Классиктерді ұмытпай әрі ана тілінде, әрі өзге тілдерде жазылған көркем мәтіндерді міндетті түрде оқып, зерттеулері қажет. Себебі, шын мәнінде аударма – сөздермен алмасу емес, бір мәдениеттердің бір-бірімен алмасуы. Аударма теориясы бір тілді білумен шектелмейді. Аударма жасау тіл білу дегеніміз емес, сол тілдің әлемдегі басқа тілдермен, басқа мәдениеттермен байланысын білу. Болашақ аудармашы қандай да бір мүмкіндікті пайдаланып, жер шарының барлық жеріне саяхат жасауы керек, тіпті ол үшін, өзі үшін жаңа мүмкіндіктерді жаратуы тиіс.
Аудармашы және Психология: Сөздер тілдерді, тілдер адам санасын, адам санасы болса мәтіндерді қалыптастырады. Бұл үдеріс тіл және тілдік өндіріс пен психологияның арасында жақын бір байланыстың бар екеніндігін нақтылайды. Әлемдегі клиникалық психологтар ең нәтижелі терапия «ана тілде» жасалатындығына сенімді. Сондықтан, мәтіндердің қалыптасуы – бір психологиялық үдеріс. Болашақ аудармашы, жалпы психология білімінен хабары болуы керек, әсіресе ана тілінен басқа тілдерде жазылған күнделікті психология журналдарын да қарап жүруі керек.
Аудармашы және Технология: Қазіргі таңда әлемде кеңінен тараған әрі империалистік тіл болып саналатын «e-language» тілі – технология тілі болып есептеледі. Электронды тіл, адамдардың тек күнделікті өмірінде немесе экономикалық күн тәртібінде ғана өз қолданысын таппайды, олар барлық дүниедегі тілдерді де өз жылдамдығымен айналдырада. Болашақ аудармашы жаңа технологиялардан да хабардар болуы керек. Технология тілінің дамуын жан-жақты қадағалап жүруі керек.
Аудармашы және Уақыт: Жазылған мәтіндер әрдайым тұрақты болып қалады. Бірақ тез ескірмейді деген сөз емес. Ал тілдер болса жанды бір болмыс. Болашақ аудармашы, қызыққан тілдерінің күнделікті әрекеттерін, дамуын қадағалап жүруі керек. Жасалынатын аударманың болашақ оқырмандарын қызықтырып, заман ағымына сай аударма жасалуы тиіс. Өйткені ондай мақсатта жасалмаған аударма тек сөз аудармасы түсінігіне ие болады.
Пушкиннің пайымдауынша, автордың айтқаны аудармашы тарапынан қайта айтылуы қажет, ал Гоголь аударма жайында «түпнұсқаға жақын болу үшін түпнұсқа сөздерінен кейде ауытқып тұру керек» десе, Толстой «кейде сөздер мен мазмұнды аударып қана қоймай, сонымен қатар әсерді аудару қажет» деп тұжырымдаған, К. И. Чуковский болса «күлкіні күлкімен, ал жымиысты жымиыспен аударуға» шақырған. Соған қарамастан, бұлардың барлығы аударманың заңдылықтарына қайшы келмейді.
Шетел филологиясы және аударма ісі каферасы «Аударма ісі (батыс тілдері) (6B02304)» мамандығының түлектері орта және жоғары оқу орындарындағы педагог-оқытушы, ҒЗИ-да ғылыми қызметкер, аудармашы-редактор, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы аудармашы-лингвист, гид-аудармашылар немесе ілеспе аудармашылар, халықаралық байланыстар саласындағы аудармашы-синхронист, мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласындағы аудармашы, техникалық аудармашы – ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық, көркем әдебиеттің жазбаша аудармасын жүзеге асыратын білікті маман атана алады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек3 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек1 month ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек2 months ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда