28 желтоқсан, KAZNEWS . Ғұн империясына 2230 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 815 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 110 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 100 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып бірқатар азаматтарға мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медаль табыстады.
“Моңғолияның Сауда саласына Еңбек сіңірген қайраткер” атағы сауда саласында көп жыл еңбек атқарған Нұрахметқызы Гүлбаршаға, “Моңғолияның Коммуналдық қызмет көрсету саласына Еңбек сіңірген қайраткер” атағы Баян-Өлгий аймағының “Суат” компаниясының кеңесшісі Қожахметұлы Қабайға берілді.