21 қараша, KAZNEWS. Қайырымды жастар әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек қолын созып, “Dostyk-2020” деп аталатын қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Әлеуметтік желіде ұйымдастырушысы Amanay Amankaa төменгі жазбаны қалдырған.
“Қайырлы күн ағайындар
Біздің коллективтің бастамасымен ұйымдастырылған “Dostyk-2020” қайырымдылық іс-шарасы 8 күнге жалғасып аяқталды. 5 күн дайындық жұмыстары жасалып, соңғы 3 күн ішінде Өлгий қаласының барлық ауылдарынан әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға көмегімізді жеткізіп бердік.
Әр отбасыға қой еті, 25 келі ұн, макарон, күріш, май, тұз, пішен, бауырсақ, 20 дана бетперде, сабын, картоп, сәбіз, ағаш отыны және көп балалы отбасыға киім кешек, денсаулығы осал азаматтарға дәрі-дәрмек алуға дайын ақшалай көмек көрсеттік.
“Dostyk-2020” қайырымдылық шарасы аясында әр отбасыға 200-250 мың төгрөг, 50 отбасыға барлығы 10.000.000 төгрөг жұмсалды.”-деді.
Және де желі қолданушысы қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен компаниялар мен азаматтардың есімдерін жариялаған.