19 – қараша. KAZNEWS. Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім басшысы Л.Нарангэрэл «Дүниежүзінің 218 елінде коронавирус инфекциясы тіркеліп, індет 55,3 миллион адамға тараған және өткен тәулікте 546 мың адамға жұққан. Елімізде коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны 505 ке жетті. Жазылып шыққандар саны 329. Ал 169 адам емделуде. Ел бойынша бүгінге дейін 19900 адамнан зерттеу алынған. Улаанбаатар қаласынан тысқары бес аймақта инфекция тіркеліп отыр»-деді.
Үйде болыңыз. Саулық сақтықта.
Жұқпалы ауруларды зерттеу ұлттық орталығының бөлім басшысы А.Амбасэлмааның хабарлауынша,
«18 қарашада ЖАЗҰОрталығының екі лабораториясы, ЗӨСҮТ-тің лабораториясы, Дархан-Уул, Дорнод, Сэлэнгэ аймақтарындағы лабораторияда барлығы 1390 адам зерттеу берген. 31 адамнан коронавирус анықталды.
• Улаанбаатар қаласында 14,
• Сэлэнгэ аймағында 28,
• Орхон аймағында 13,
• Дархан-Уул аймағында 11,
• Дорноговь аймағында 1,
• Говьсүмбэр аймағында 1 және Улаанбаатар қаласындағы Темір жол бекетімен қарым-қатынаста болғандар арасынан 4 адамнан коронавирус анықталды.
Улаанбаатар қаласымен өңірлерді қосқанда 72 адам індет жұқтырғаны белгілі болды.
Бір адам індетті жұқтырған жағдайда оны өзгелерге тарату қауіпі 2,3-3 яғни орта есеппен 26-106 адамға дейін жетеді. Мамандардың айтуынша карантин режимі індеттің таралуын 55 пайызға азайтады дейді. Сондықтан үйде болыңыз. Саулық сақтықта.» -деді.