28 маусым, KAZNEWS. Моңғолиялықтар Ғұн империясына 2231 жыл, Ұлы Моңғол империясына 816 жыл, Халық төңкерісіне 101 жыл толуына орай тойланатын ұлттық мейрам қарсаңында 9 күн демалыс болады.
Атап айтқанда моңғолиялықтар 8 шілде сенбіден 17 шілде дүйсенбіге дейін демалады.
Моңғолияның “Наадам” мейрамы 10-15 шілде аралығында аталып өтеді. Күнтізбе де көрсетілгендей 10 шілде дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Осылайша, 8 шілдеден бастап моңғолиялықтар бірден тоғыз күн – яғни 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17 шілдеде демалады.