22 қараша, KAZNEWS. Қытайдан Мәскеуге бағытталған жүк көліктерінің алғашқы легі Баян-Өлгий арқылы өтті. Бұл туралы Баян-Өлгий аймағы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, 2022 жылдың 20 қарашасында Қытайдың Тайкешкен портынан Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына жеткізілетін жүктің бірінші легі Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында орналасқан Цагаануур порты арқылы өтті.
Естеріңізге салсақ, Цагаануур қалашығынан Ресей шекарасына дейінгі 25,5 шақырым жолдың құрылыс жұмыстары аяқталып, Тайкешкен(ҚХР)-Булган-Ховд-Өлгий-Цагааннуур-Ташанта(РФ) бағытандағы N-4 халықаралық транзиттік жол толық пайдалануға берілген болатын.