12 қараша, KAZNEWS. Бүгін Моңғолия Парламентінің кезекті сессиясында елдің 2022 жылға арналған бюджеті, Әлеуметтік сақтандыру қоры мен медициналық сақтандыру қоры, Болашақ мұра қорының 2022 жылға арналған бюджеті туралы заң жобасы талқыланып, бекітілді.
Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеуханұлының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылы Баян-Өлгий аймағына мемлекеттік бюджеттен 56,9 миллиард төгрөг қаржы бөлінген.
Бұл қаржы мектеп, жатаққана, спорт зал, балабақша, мәдениет орталықтарын және өзге нысандарды салуға, техникалық құрал жабдықтар алуға жұмсалады.