21 шілде, KAZNEWS. «Issykkul Open 2023» халықаралық шахмат турнирі 11-21 шілде аралығында Қырғызстанның Корумду қаласында жүріліп өтті.
Аталмыш халықаралық турнирге моңғолиядан Жаннұр Көпжасарқызы қатысып, қола жүлдегер атанды.

Жаннұр Көпжасарқызы халықаралық рейтингіде 1703 ұпаймен, В – халықаралық рентингі 1650 мен 1999 арасындағы ойыншылармен бақ сынасты.

⠀
Ыстықкөлдегі шахмат сайысы 3 турнирден өтті.
Мұнда:♟️Issykkul Open 2023 A – халықаралық рейтингі 2000 ELO және одан жоғары ойыншыларға арналған
⠀
♟️Issykkul Open 2023 B – халықаралық рейтингі 1650 мен 1999 ELO арасындағы ойыншыларға арналған
⠀
♟️Issykkul Open 2023 C – халықаралық рейтингі 1649-ға дейінгі ойыншылар үшін
⠀
Жарыстың кепілдендірілген жүлде қоры – 1 589 000 сом (18000$)
⠀
Орынға ие болған қатысушылар арнайы сыйлықтар мен тиісті дәрежелі диплом және медаль, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.