Дерек
Mongolian Interactive Travel, Транспорт даму банкі және Б Софт компаниялардағы жалақысы жоғары бос жұмыс орындар
Published
5 years agoon
Туризм саласының ақпараттық технология инженері
Компания: Mongolian Interactive Travel
Мекен жайы: Улаанбаатар, Чингэлтэй районы, Хүрээ хотхон 23-29, javka23@gmail.com
Міндеттері: Жаңа стартап жобасын басқару – технологиялық процессін басқару
Талаптары:
— Ақпараттық технология бағыты бойынша жоғары білімі бар
— ұқсас қызметтегі 10 жылдан артық жұмыс тәжірибесінің болуы және шетел тілін меңгерген болуы құпталады
— HTML,Java Script, MySQL, PHP бағдарламасын білу
Айлық жалақы: 5,000,000 – төгрөгтен жоғары, келісімді
Толық ақпарат
Комплаенс департментінің директоры
Компания: Транспорт даму банкі
Мекен жайы: Улаанбаатар, Сүхбаатар районы, Шангри-Ла орталығы, 15 қабат, Телефон – 77169999, Веб сайт: transbank.mn
Міндеттері: Комплаенстің негізгі іс-қызметін басқару, клиенттің тәуекелдерін басқару жүйесіне шолу және дамыту
Талаптары:
– Банк, қаржы, экономика, бизнестік басқару, заң, тәуекелді басқару мамандықтары бойынша бакалавриат және одан жоғары дәрежелі болу
– Мамандығы бойынша Банк саласында үш жылдан артық тәжірибенің болуы
– Ағылшын тілін еркін білу
– Қаржы бағдарламалар меңгерген болу
Айлық жалақы: 3,000,000-4,000,000 төгрөг
Толық ақпарат
Жоба жауаптанған бас инженер
Компания: Б Софт компаниясы
Мекен жайы: Улаанбаатар, Хан-Уул районы, 120-Д. 99074823
Міндеттері: Өңірлердегі инженерлік және имфрақұрылымдық жобаларды басқару, 3-4 жобаның байланысын реттеу, компания басшыларының шешім шығаруы бойынша анық ақпараттармен қамтамасыз ету
Талаптары:
– Құрылыс және сантехникалық инженер мамандықтары бойынша бакалавриат және одан жоғары дәрежелі болу
– Сыртқы инженериялық жүйелерді басқару тәжірибесінің болуы
– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде мәліметі бар
– Команда мүшелерін ынталандыру, жаттықтыру, оқыту және басқару дағдыларын меңгерген
– Өңірлерге жұмыстауға қолайлы болу керек
Айлық жалақы: 3,000,000-4,000,000 төгрөг
Толық ақпарат
Дереккөз Zangia.mn
Дерек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Published
2 years agoon
November 3, 2023
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
1. Астана Актісі;
2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
Дерек
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
Published
2 years agoon
September 5, 2023
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.
Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.
Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.
Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды.
23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.
Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.

Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?
Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.
Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.

Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.
2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.
Дерек
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
Published
3 years agoon
April 6, 2023
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды.
Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.
Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.
Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.
Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады.
Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

