KAZNEWS – Моңғолияда биыл кезекті Парламент сайлауы 24 маусымға яғни сәрсенбі күніне белгіленіп отыр. Сайлау сайын кімнің баласы атын ұсынады деген болжамдар жасалып отырады. Кейде партиялар сайлаушылардың қалаған кандидатын ұсынбайды. Сондықтан да өткен 2017 жылғы Президент сайлауында 200 мыңға жуық сайлаушы құр дауыс берген болатын.
2020 жылғы Парламент сайлауына Баян-Өлгий аймағына бөлінген 3 мандатқа қай партиядан, қандай азаматтардың аты ұсынылуы мүмкін? Болжам жасап көрейік.
Әзірге Моңғол Халық партиясынан алты, Демократиялық партиядан сегіз, Моңғол Халық Революцияшыл партиясынан бір азаматтың есімі ел аузында жүр.
Моңғол Халық партиясынан Парламент мүшесі, Құрылыс, қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы, парламент мүшесі Солтан Ғомбыжайұлы, Ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп тете министрі Сәуле Жәнімханқызы, аймақ Әкімі Ғылымхан Әйіпұлы, Энергетикалық реттеу комитетінің төрағасы Тілейхан Әлмәлікұлы, экс аймақ әкімі Қабыл Сәкейұлының есімі аталып жүр.
Демократиялық партиядан алдағы сайлауға парламент мүшесі Мұрат Дәкейұлы, Моңғолия Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Жандос Шәріпұлы, экс парламент мүшесі Бәкей Ағыпарұлы, экс тете министр Ержан Қабышайұлы, дәрігер Бейсен Бұлаңұлы, Моңғолия Мұсылмандар одағының төрағасы Батырбек Қадысұлы, бизнесмен Мүпти Қабылұлы мен Ғажайып Рахметұлы атын ұсынады деген болжам ел аузында жүр.
Ал, МХРП-нан ел аузында Айбек Болатұлының есімі аталып жүр.
Бірақ ең соңғы таңдау халықта екенін ұмытпағанымыз жөн.
Сонымен, алдағы Парламентте басқа кімдерді көргіңіз келеді?