Әлемдегі ең дамыған алпауытты 30 елдің қатарында болу үшін ең әуелі адами капиталға тікелей байланысты екені белгілі. Ал адами капиталдың негізгі көзі – жастар екені даусыз.
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш ек, ал мәңгі қалғың келсе – шәкірт тәрбиеле» деген екен халық даналығында. Қазіргі заман білім мен ғылымның жарысқан заманы. Уақыт пен өмір ағымында жаңа ғылым-білімді игеруде, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденістері мен оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалану, студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі ғылым мәселелерін шешуге тарту мақсатында дәстүр бойынша ағымдағы жылдың сәуір айының 6-шы жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz ұйымдастыруымен ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияға Моңғолия, Иран, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Ауғанстан сияқты мемлекеттен келген шетелдік тыңдаушылар сондай-ақ еліміздегі жоғары оқу орындарынан келген: Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ университеті, Қазақ Қыздар Педагогикалық университеті, «Мирас» университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Авимед» медининалық колледжі, Алматы Инновациялық колледж студенттері мен магистранттар (жалпы саны 163) қатысты.
Конференцияда ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы бойынша төмендегідей секциялар жұмыс істейді:
1. ҚАЗАҚ ТІЛІ секциясы: «Тәуелсіз қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асырудағы жастардың рөлі мен әлеуеті»
2. ТАРИХ секциясы: «Әлем дамуындағы инновациялық технологияның рөлі» 3. АҒЫЛШЫН ТІЛІ секциясы: «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениеттің болашағы»
4.ЖАРАТЫЛЫСТАНУ секциясы: «Қоғамдық ғылымның әлеуметтік прогресті дамытудағы рөлі»
5. МАТЕМАТИКА секциясы: «Математика тарихы және қазіргі заманғы практикадағы қолданыстары»
Конференцияға қатысушылардың баяндамалары мен презентацияларда шетелдік тыңдаушылардың ауқымды жобаларды ұсынып, өз бағыттары бойынша терең білімдерін көрсетті. Ғылыми жетістіктер мен ғылымды дамытуға қатысты өзекті тақырыптармен қатар шетелдік тыңдаушылар өз мақалаларында жан-жақты қызықты тақырыптар туралы да айтылды. Барлық баяндамалар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Баяндамашылар дәлелді жауаптар берген көптеген сұрақтар қойылды.
Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы секция бойынша жалпы саны 163 ғылыми жұмыс қаралып оның 33-і І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса сол қорғалған ғылыми мақалалар арасынан «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» оза шауып, озық шыққан үздік үштікті анықтап университеттен арнайы бөлінген сыйақыға сондай-ақ жоғары дәрежелі дипломға тағайындалды
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
(Тарих секциясы бойынша) Шетеледіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының студенті Масато Кубо (Кобе қ, Жапония) Традиционные виды спорта Японии и Казахстана, ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Курманова Т.В.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ (Тарих секциясы бойынша) ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Ақгүл Хайрол (Моңғолия) ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Нүсіпбаева С.А.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ (Жаратылыстану секциясы бойынша) ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Балғынбек Дина (Моңғолия) ғылыми жекешісі: PhD доктор аға оқытушы Амангелді Н.
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті,
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары:
Г.М.Мужигова, Г.Т.Тилеужанова, С.Р.Нұртілеуова