22 қараша, KAZNEWS. Mongol Valley компаниясының директоры Ғабит Базарұлы Моңғолия-БАЭ бизнес форумында инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл туралы Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Моңғолия мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық даму агенттігі, Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы және БАӘ Сауда-өнеркәсіп палаталарының қауымдастығы бірлескен «Моңғолия-БАӘ бизнес форумы» ұйымдастырылды.
Форумға Моңғолиядан 40, БАӘ-ден 30 кәсіпкер қатысты.
Моңғолия Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Т.Дүүрэн қатысушыларды Моңғолия Үкіметі жүзеге асыратын 100 жобамен, қызметтің экономикалық ауқымымен және жеке кәсіпкерлер жүзеге асыратын 20 инвестициялық жобамен таныстырды.
Форумның екінші бөлімі ақпараттық технологиялар және коммуникация тақырыбына арналып, саладағы компаниялар халықаралық нарыққа шығуға қызығушылық танытты.
«Mongol Valley» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Базарұлы Ғабит, «Infinite Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры Д.Билгүүн, «Gerege Systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізін қалаушы Н.Энхжаргал өз өнімдері мен инвнстициялық мүмкіндіктерін таныстырды.