1 шілде, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Өлгий қаласында бокстан “Ulgii cup” халықаралық турнирі өтуде.
Турнирге Қазақстан Республикасынан 6 команда, Моңғолиядан 10 команда барлығы 200 ге жуық спортшы бақ сынауда.
Қазақстандық «Абылай» бокс клубының директоры, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауырбек Кәлекұлы:
Баян-Өлгий аймағында бокс спортының негізін қалаушы, спорт мастері, еңбекқор бапкер Шәрбетхан Қабдырашұлы атында бокстан жасөспірімдер арасында “Өлгий кубогы 2023” халықаралық турниріне қатысуға келіп қалдық. Қазақстаннан 6 команда алып келдік.
Бұған дейін Шәрбетхан Қабдырашұлы атындағы халықаралық жарыс сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен болатын.
Бұл жолғы турнирді ұйымдастырушы Баян-Өлгий аймағының Спорт, денешынықтыру басқармасына, Моңғолия Бокс федерациясына және Dream спорт клубына алғыс айтамын.
Шәрбетхан Қабдырашұлы 1975 жылы жастар арасында ел чемпионы атанып, ересектер сапында спартакиаданың қола жүлдесін иеленген азамат.
Алғашқы шәкірттері өзінің достары болған. Одан кейін жастар арасында чемпион атанған Қ. Қуанар (60 келі) және Ж.Бақыт (67 келі) және ересектер арасында чемпион атанған Қ.Құрметхан, С.Бекет қатарлы ауыр салмақтағы боксшылардың алғашқы бапкері. Тағы басқа спортшылар бар.
90 жылдары мен бар Тимур, Досан, Аманкелді, Жанатхан бар біз үшінші буындағы шәкірті боламыз.
Шәкең ағаны жалпы моңғолия таниды. Осыдан төрт жыл бұрын Улаанбаатарға жарысқа келгенімізде 1985 жылғы бір боксер бала Шәрбетхан ағаны танисыз ба деп сұрап тұр. Бұл дегеніңіз Моңғолия бокс тарихында ойып тұрып орын алғанын көрсетеді.
Бұл кісінің алғашқы мамандығы экономист болған. Спортқа жанашыр болғандықтан спорт жоғарғы университетіне түсіп, спорт жаттықтырушы мамандағымен тәмамдаған. Сегіз қырлы бір сырлы азамат болған. Бапкер әрі, ұстаз.
Қазіргі Баян-Өлгий аймағының бокс спортына көңілім толады. Қандай жарысқа барса Баян-Өлгийден кім келді деп, тітіркеніп тұрған кездер болған. Қазір бокстың дамуына үлкен үлес қосқан Қайнар бауырымыздың еңбегінде айта кеткен жөн болар.
Одан кейін Жоламан, Нұрлан қатарлы бапкерлер еңбектеніп, көптеген жарыстарда шәкірттері топ жаруда.
Қандай бір жарыстан құр қайтып көрген жоқ. Міне Баянхонгордағы Балалар фестивалінде үш қола медаль алып жатыр екен. Қазақстандағы халықаралық жарыстардан да медальмен қайтқан.
Бокс пен қазақ егіз ұғым тәріздес. Қазақ бар жерде бокс бар. Бокс бар жерде Шәрбетхан бар деп ойлаймын. Шәкірттеріміздің бокстағы тұғыры биік болсын!