Connect with us

Орта Азия және әлемде

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Published

on

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің қатысуымен Академияның Мажарстан бағытында шығарған бірқатар кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп KazNews агенттігі Халықаралық Түркі академиясының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, аты аңызға айталған ғұн әміршісі Аттила туралы “The Lord of Europe Attila” (Еуропа әміршісі Атилла) атты ғылыми еңбек таныстырылды. Академияның қолдауымен ағылшын тілінде жарық көріп отырған аталған кітаптың авторым көрнекті ғалым, Мажарстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Борбала Обрушански.

Сонымен қатар, жыр алыбы Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Ұлы дала жыршысының 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көр іп отырған «Жамбыл жырлары – Dzsambul muvei» жинағы қазақ-мажар тілдерінде салыстырмалы тәртіппен берілген өлеңдермен қатар, мазмұнды зерттеу мақалаларды да қамтыған. Жинақты құрастырып, баспаға әзірлеуге Хинаят Бабақұмар, Такач Ибойа сынды ғалымдар атсалысты.

Бұған қоса, Халықаралық Түркі академиясы мен Түркі кеңесінің Будапешттегі өкілдігі бірлесіп әзірлеген әйгілі мажар саяхатшысы, мажар түркологиясының негізін қалаушылардың бірі Армин Вамбери туралы «Түркі дүниесінің мажар ғалымы» атты жаңа еңбек оқырманға жол тартты. Тарихи фотосуреттермен көркемделген шағын кітап Армин Вамберидің өмірі мен еңбек жолы туралы қазақ, ағылшын тілдерінде сыр шертеді.

Сондай-ақ жуықта жарық көрген көрнекті түрколог Иштван Қоңыр Мандокидің «Үзілмес тамырлар» атты ғылыми еңбегі мен «Мандоки Қоңыр Иштван библиографиясы» атты кітаптар да көпшілік назарына ұсынылды.

Академиясының мажар бағытында жарық көрген еңбектерінің таныстырылымына Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михай Галошфай, сонымен қатар Мажарстан делегациясы, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу аясында Армин Вамберидің өмірі мен еңбек жолына арналған «Түркі дүниесінің мажар ғалымы» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Петер Сийярто бастаған мажар делегациясы Түркі академиясы кітапханасының құнды қолжазбалар және Қоңыр Мандоки қорымен танысты. Өз кезегінде мәртебелі мейман кітапхана қорына мажар тіліндегі бағалы басылымдарды тарту етті.

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өз сөзінде алқалы жиынның көрнекті түрколог Қоңыр Мандоки атындағы кітапханада өтуінің символикалық мәні зор екенін атап өтті. Академия басшысы Мажарстан бағытында жүзеге асып жатқан жобалармен таныстыра келіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Петер Сийярто тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын арттыруда Академия атқарып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, тараптар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты одан ары дамытып, келешекте бірлескен жобалар жүргізуге уағдаласты.

Айта кету керек, 2017 жылы Мажарстан Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алып, Түркі әлемінің ынтымақтастық институттары арасында осы мәртебені иеленген алғашқы ұйым болды.

Академия Мажарстан мен Түркі әлемі ықпалдастығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Немет Дьюла, Дьёрд Алмаши, Қоңыр Мандоки сынды мажар түркологтарының мирасы мен тағылымына қатысты ғылыми жобаларды қолға алып, бірқатар еңбектерді жарыққа шығарды.

Орта Азия және әлемде

Моңғолия мен Түркия арасындағы сауда айналымы 100 млн.долларға жетеді

Published

on

16 қыркүйек, KAZNEWS. Бүгін Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Самарқанд қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитінің кеңейтілген отырысы кезінде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Бұл туралы Моңғолия Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында жан-жақты серіктестік саналатын Моңғолия мен Түркия Республикасының қарым-қатынасын нығайту, өзара ықпалдастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Тараптар екі ел арасынағы сауда-экономикалық байланысты тереңдету керектігіне тоқталып, екі ел арасындағы сауда айналымының көлемінің оң екпінін де атап өтті.

2022 жылы Моңғолия мен Түркия арасындағы сауда айналымы 100 млн долларға жетеді деп күтілуде.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Үш жақты кездесуде Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізі талқыланды

Published

on

16 қыркүйек, KAZNEWS. 2022 жылғы 15 қыркүйекте Самарқанд қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінде Моңғолия, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің кезекті үш жақты кездесуі өтті.

Тараптар Қытай-Моңғолия-Ресей экономикалық дәлізін жүзеге асыруды жандандыру, үшжақты ынтымақтастықтың нақты бағыттары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

«Қытай, Моңғолия және Ресей экономикалық дәлізін құру бағдарламасы» -на еңгізілген үш елді жалғайтын орталық теміржол дәлізінің жаңарту, техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын бастауға уағдаласты.

Сонымен қатар, теміржол дәліздерінің шығыс және батыс желісін құру, шекаралық және кедендік аумақтардағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Үш ел арасындағы автомобиль қатынасын дамыту және Азиялық жол желісі арқылы үш ел арасындағы жүк тасымалын арттыру қатарлы мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшылары Ресейден Қытайға Моңғолия аумағы арқылы табиғи газ құбырын тарту, трансшекералық саяхат пен туризмді дамыту үш елдің қарым-қатынасы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

Тараптар жобаны жүзеге асыруды жандандыру үшін жобаға жауапты тиісті кәсіпорындардың өзара байланысын арттыру қажет деп көрді.

Кездесу барысында Мемлекет басшылары «Моңғолия, Ресей, Қытай экономикалық дәлізін құру бағдарламасының» мерзімін бес жылға ұзартылғанын атап өтті. 

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

ШЫҰ -ға Моңғолия бақылаушы мәртебесін сақтап, Иран мүше атанды

Published

on

15 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының бас хатшысы Чжан Миннің Самарқандағы кездесуінде ұйымға бақылаушы мәртебесінде ынтымақтастықты ары қарай дамытуға ниетті екенін білдірді. Моңғолия Президенті баспасөз қызметі хабарлады.

Моңғолияның Азия мен Еуропаны байланыстыратын географиялық орналасуын пайдалана отырып, сауда, көлік және логистикалық желілер, жүк тасымалы мен қызмет көрсету орталығы ретінде «Транзит Моңғолия» болуға ұмтылатынын мәлімдеді.


Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян мен Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Самарқанда Иранның Ұйымға мүше мемлекет мәртебесін алу бағытындағы міндеттемелері туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы Қазақпарат ХАА-і хабарлады.

ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин бұл күннің Иран үшін де, Ұйым үшін де маңызды екенін айтты. «Иранның мүше елдер қатарына қосылуы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымын күшейте түседі», – деді ол.

Иран 2005 жылы ШЫҰ-ның бақылаушы мемлекеті атанды. Елдің Ұйымға толық мүшелікке өту процесі 2021 жылы басталды. Меморандумда қаралған барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін Иран Ислам Республикасы ШЫҰ-ның толық мүшесі болады.

Айта кетсек, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті 15-16 қыркүйекте Самарқанда өтеді. 


ШЫҰ мүше мемлекеттері – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран болып табылады.

ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие мемлекеттер – Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия.

ШЫҰ диалог бойынша серіктес мәртебесіне ие мемлекеттер – Әзірбайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Шри-Ланка, Түркия.

Ташкенттегі саммитте диалогі бойынша серіктес мәртебесін Египет Араб Республикасы мен Катар мемлекетіне беру туралы меморандумдарға қол қойылды.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Ресей президенті Өзбекстанға барды

Published

on

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 15 қыркүйекте Самартқандға сапармен барды.

Ресей Президентін Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Сапардың бірінші күні жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, Өзбекстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланады.

Келіссөздер соңында Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда.

16 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының кезекті саммитіне қатысады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек2 weeks ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек3 weeks ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Дерек1 month ago

Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды

KAZNEWS. Улаанбаатар. 2022 жылғы 25 тамыз – Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия академиясының Тарих және археология институты бірлесіп жүргізген «Номгон-2022»...

Дерек2 months ago

Шахматтың жаңа жұлдызы Б.Мөнгөнзул туралы 10 дерек

12 тамыз, KAZNEWS. Үндістанның Ченнай қаласында шахмат олимпиадасы деп аталатын 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жүріліп өтті. Моңғолиядан Э.Гурванбаатар бастаған ұлттық...

Кітаптан үзінді...2 months ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Дерек2 months ago

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 20 дерек

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өмірінің ең өзекті кезеңдерінен 20 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған...

Дерек2 months ago

Твиттердегі белсенді президент кім?

25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан...

Басты назарда