Connect with us

Дерек

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

Published

on

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?” -деген сұрақ қойып жауап іздеп көрдік.

Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

Picture

Jainagul Durvetkhan

Айырмашылығы жер мен көктей.

01/06/2021

Picture

Guljazira Bolatqyzy

Абыройдың жанында атақтың құны көк тиын деп ойлаймын…

01/06/2021

Picture

Arai'y Coo

Атақты өкімет береді, абройды адам халықтан алады.

01/06/2021

Picture

Kagbat Kakhrasul

Абыройлы болсаң атағың шығады. Оған әркім әр түрлі жолмен жетеді. Мысалы спортта керемет нәтиже шығара білсең АТАҒЫҢ шығады. Халыққа адал қызмет істесең АБЫРОЙың артады.

01/06/2021

Picture

Jaubai Zulmira

Екеуі мүлде бөлек ұғымдар. Атақтың жаманы да болады. Абыройдың жаман сипаты жоқ деген сияқты айта берсе… Атақсыз да абыройлы болуға болады.

01/06/2021

Picture

Ержан Нұрбек

Атақсыз өмір сүруге болады, абыройсыз өмір құр бос.

01/06/2021

Picture

Bakhitjan Togtal

Абырой туғанда қанға бітеді. Атақты туған соң табасың.

01/06/2021

Picture

Еркебулан Самат Ұлы

Негізі абырой атақтан туады. Айырмашылығы сонда.

01/06/2021

Picture

Meirambek Molaigan

Абырой – әркімге туада бірдей беріледі, оны толтырып, шайқалтпай, төкпей ұстау адамдық белгі. Атақ – қоғамдық өмірде берілген немесе қалап алған, мүмкін уақытша тағылган лақап. Атақ – абыройдың сынағы.

01/06/2021

Picture

Samat Nasir

Атақ алдамшы, абыройды ел береді.

01/06/2021

Picture

Hizat Marjika

Екеуі екі бөлек ұғым. Атақ құмар абыройдан жұрдайлар көп болып кетті ғой.

01/06/2021

Picture

Мейрамгүл Хумар

Абырой адамға туа біткен жақсы қасиет, атақ жүре келе тауып алған немесе жабысқан не жақсы, не жаман қасиет

01/06/2021

Picture

Sauke Kamen

Атақ даңқтың көк тиын пайдасы жоқ. Адам өмірге келеді кетеді. Бәріміз қонақпыз. Ал адам абыройлы болуы керек.

01/06/2021

Picture

Айдос Рашатұлы

Абыройды атаққа айырбастап жібердік ау! Тойдағы бата сұрасаң тілек “Тост” айтатын кей бір ақсақалдарымыз сияқты.

01/06/2021

Picture

Saule SI

Атақ абыройды құртады…

01/06/2021

Picture

Janibyek Jako

Атақ-жасаған іс қызмет еңбек арқылы келеді. Ал абырой сол іс қызметің қаншалықты адал болғанына байланысты келеді. Атақ ат сүрінгенше..

01/06/2021

Picture

Boshu Ye

Абырой – адам бойындағы ең асыл құндылықтардың бірі; кісілік, адамгершіліктің тірегі. Атақ — жеке тұлғаларға немесе ұжым, топтарға қандай да бір атқарған қызметі, сіңірген еңбегі үшін берілетін ресми баға.

01/06/2021

Advertisement


Дерек

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

Published

on

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Ақтан Бабиұлы (1897-1973ж) Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі.
  2. Биыл туғанына 125 жыл толып отыр.
  3. Шыңжаң-Алтай бетінде жүріп ауыл молдасынан хат таныған.
  4. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап «Кедей күні», «Сары Мешелге», «Қарау байға», «Жөргем салға», «Халел мен Мәлік мол­даға» секілді өлеңдерімен сыншыл да шыншыл ақын ретінде ха­лыққа танылады.
  5. Ақынның «Бүркіт» (1959), «Досымбек-Балқия» (1964), «Өмір жолы» (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылары болып табылады.
  6. 1967 жылы қазақтың қабырғалы жазушысы Сәбит Мұқанов Бай-Өлкеге барған сапарында өзін күтіп қалың жұрттың ортасында тұрған Ақтанға қарап айғай салыпты: «Ей, сен Ақтан емессің бе?». Ана кісі: «Иә, Ақтанмын, қалай таныдың?» дейді. Сәбең: «Андағы мұртыңнан таныдым» деп күліпті. Ақтан да тыныш тұрмай: «Сен Сәбит емессің бе?» дейді әдейі, танып тұрса да. Сәбең де: «Ой, мені қайдан білесің?» деп қалбалақтап қалады. Сонда Ақтан ақын: «Ұртыңнан таныдым!» деп­ті (Мұқановтың Моңғолияға сапары. «Егемен Қазақстан» газеті. 13 мамыр, 2020 жыл).
  7. Ақтан ақын атақты Абай Құнанбай әулетіне жиеншар-жегжат деген деректер бар.
  8. Ақтан Бабиұлының «Бүркіт» поэмасы желісімен жазылған Моңғолия Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Шынай Рахметұлының «Бүркіт» драмасын 18-19 қараша күндері көрерменге жол тартты.
  9. Баян-Өлгийде әйгілі ақын Ақтан Бабиұлының атында ақын-жазушыларға тағайындаған сыйлық бар және ол 1989 жылы алғаш рет жазушы Шынай Рахметұлына берілген. 
  10. «Бүркіт» драмасының продюссері Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының басшысы Сәйгүлік Жәнімханқызы, кеңесші Моңғолия Өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Өсерхан Рахымұлы, көркемдік жетекшісі Ләйла Смағұлқызы, сценариін жазған Ертай Моңғолханұлы, биді қойған Самжидийн Алтансэлэм, қоюшы суретші Дастан Қаламханұлы, композитор Ербол Шерханұлы, график дизайнер Қ.Бақытбек жұмыстаған.

        Рөлдерде Ақтан – Жанатбек Қалқабайұлы, Дәулет ақсақал  – Жапар Қапышұлы, Жанбота – Сұлушаш       Құлжатайқызы, Жекей – Нұрлан Хасиханұлы, Қасқырбай – Қанат Әпшүкірұлы рөлдерде ойнады.

Сурет: Muza

Continue Reading

Дерек

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

Published

on

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм жарық көрді.  Қазақстан тарихы жобасы хабарлады.

«Әулет» сериясымен түсіріліп жатқан деректі фильмдер топтамасының бұл жолғы саны Жеңісхан Дүзелбайұлына арналыпты.

Фильмнің авторы – Алтынбек Құмырзақұлы. Фильмде аңыз тұлғаның өмір жолы мен елдік жолындағы күресі толықтай баяндалған.

Туындыда ел көп біле бермейтін деректер қамтылған.

«Қазақстан тарихы интернет-жобасы жыл басында «Әулет» жобасын түсіруді қолға алған болатын. Бұл бағдарлама қазақтағы текті (аристократ) кім, ол қалай қалыптасады деген гамлетті сұраққа жауап іздейді. Бағдарлама аясында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев тағы басқа алыптар әулеті туралы фильмдер түсірді. Кезекті фильмімізді Моңғолия қазақтарына белгілі тарихи тұлға, аңыз адам, Баян-Өлгей аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі – Жеңісхан Дүзелбайұлына арнадық» – дейді А. Құмырзақұлы.

Жоба жетекшісінің айтуынша, «Әулет» бағдарламасы арқылы жастарға зиялы ұғымының мағынасын ұғындырып, болашақ ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиет ұялатып, тарихты қастерлеуге шақырады.

Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы 10 дерек

  1. Жеңісхан Дүзелбайұлы – 1906 жылы Баян Өлгий аймағының Улаанхус сұмынының Дайын өлкесінде Дүзелбайдың тұңғыш ұлы болып дүниеге келген.
  2. Әкесі ерте қайтыс болып жастайынан жетім қалған. Шешесі Әніштің қолында бауырлары Әзімхан, Жүнісхан, Мінісхан, Рысхандармен бірге тәрбиеленді.
  3. Жеңісхан өз бетінше арабша хат танып, Ақбалшықта малдың шикізатын алатын Иван деген орысқа қызметке кіріп, малдың өнімін жинады.
  4. 1930-жылы Кеңес Одағының астанасы Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетіне (КУТВ) оқуға түсіп, 1932-жылы бітірді. 1932-1936 жылы Шеруші хошууның сауда бөлімшесінің бастығы.
  5. 1936-1940 жылдары Қобда аймағының Сауда ұйымының бастығы қызметірін атқарады. 1940-жылы Ұлы Хуралдың 8-съезіне өкіл болып қатысады.
  6. 1943-1951 жылдары Баян-Өлгий аймағының басшысы. 1951-1964 жылдары авто өртеңнің аймақтық бөлімшесі, Монголбанктің аймақтық бөлімшесі бастығы қызметтерін атқарып, 1964-жылы дербес зейнеткерлікке шығады.
  7. Мемлекеттік Ұлы Хуралдың 8, 9, 10-съездеріне, МХРП-ның 11, 12, 17, 18-сьездеріне делегат болып сайланған.
  8. Шығыс Түркістанды азат ету майданына қатысып, неміс маузерімен сыйланған.
  9. Монғолия Үкіметі еңбегін жоғары бағалап, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен 2 мәрте, «Алтын жұлдыз» орденімен 2 мәрте және «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Біз жеңдік», «Жапонияны жеңудің 30 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған.
  10. «Халық Революциялық күрестің аға қайраткері» атағына ие болған.

Continue Reading

Дерек

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

Published

on

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 қыркүйек күні Моңғолия Президенті әкімшілігі әлемге әйгілі университеттерге білім алуға мүмкіндік беретін «Жолдау-2100» стипендиялық бағдарламасы арқылы шетелге жолдама алған 415 баланың есімін жариялады. Бұл тізімде Баян-Өлгий аймағынан 8 түлектің есімі аталады.

Баян-Өлгий аймағынан жоғарғы оқу орындарына ілестіру бірыңғай сынағын сәтті тапсырып «Жолдау-2100» стипендиялық бағдарламасы арқылы әлемге әйгілі университеттерде білім алуға жолдама алған түлектер тізімі.

  1. Бекболат Нурбол – Баян-Өлгий аймағы, Бугат
  2. Аманкелді Дидар – Баян-Өлгий аймағы, Буянт
  3. Берден Ләйлім – Баян-Өлгий аймағы, Өлгий
  4. Ержан Серхулан – Баян-Өлгий аймағы, Дэлүүн
  5. Ерболат Ақжібек – Баян-Өлгий аймағы, Цэнгэл
  6. Манарбек Ақерке – Баян-Өлгий аймағы, Баяннуур
  7. Хулан Балмаржан – Баян-Өлгий аймағы, Улаанхус
  8. Асылхан Ақтілек – Баян-Өлгий аймағы, Ногооннуур

Сондай-ақ, Ховд аймағынан Уатхан Музафар есімді оқушы аталмыш стипендия иегері атанған.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Continue Reading

Дерек

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

Published

on

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он белгілі актерді назарларыңызға ұсынбақпыз. 

Бірінші орында, Ұлттық кино өнер академиясының үздік актері Ц.Цэрэнболд. Әріптестері арасында ширақ денесі және қоңыр дауысымен ерекшеленген. Ц.Цэрэнболд Netflix жасаған “Марко Поло” фильмінде Шыңғыс хан рөлін сомдаған. Қазақстандық “Жау жүрек мың бала” фильміндегі Жоңғар ханы Галданцэрэн, “Қазақ хандығы: Алмас қылыш” фильміндегі батыр рөлдері арқылы көрерменге таныс болды.

Екінші орында, Б.Амарсайхан. “Марко Поло” фильмінде Арықбұға рөлін сомдаған. Ол өз атын кино әлемінде брендге айналдыра білген санаулы актерлердің бірі және Голливуд стандарттарын Моңғолияда жүзеге асырушылардың бірі. Оның басты рөлде ойнаған “Бодлын хулгайч”, “Аравт” фильмдерін көріп өз бағаңызды беруіңізге болады.

Үшінші орында, О.Дөлгөөн (@dulguun.odkhuu), 24 жасында Уильям Шекспирдің «Ромео және Джульетта» атты романтикалық комедиясында Джульетта рөлін сомдаған. Еліміздегі сұлулардың тізіміндегі актриса, инстаграмда ең көп жазылушысы бар жұлдыздардың бірі.

Төртінші орында, Д.Баттөмөр. Көрермендер оны “банш Батаа” деп әжуалайды. Басты рөлде ойнаған “Трио” фильмі Варшава халықаралық кино фестиваліне жолдама алған.

Бесінші орында, С.Лхагвасүрэн. «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алған актерлердің бірі. Бұл атағынан-ақ оның қандай дәрежеде танымал болғанын білуге болады. С.Лхагвасүрэн атын естігенде көз алдымызға «Помогите нам 2,3», «Нийслэл хүүхэн» келеді. 

Алтыншы орында, Д.Пүрэвсүрэн (@puujee1215). Көрермендердің көзайымына айналған, моңғолиялық актриса фильмде тек басты рөлдерді сомдайды. Бүгінде ең сұлу актрисалар тізімінде көш бастап тұр. Боолын гэрээ (Құл келісімі), Цасан охин (Ақшақар), Амьдрал (Өмір) атты фильмдері арқылы көрермен жүрегін жаулап алған.

Жетінші орында, Ж.Алтаншагай, Көрермендердің көзайымына айналған, моңғолиялық актер жанкүйерлерін үнемі жаңа жобаларымен қуанту үстінде. Олай дейтініміз әріптестерімен бірге түсірген «Зура 2» фильмі жуықта ғана көрерменге жол тартты.

Сегізінші орында, Б.Мишээл (@misheel.official). Еліміздегі сұлулардың тізіміндегі актриса, бүгінде ана атанып отыр. Жас болсада жиырмаға жуық фильмнің түсіріліміне қатысқан.

Тоғызыншы орында, Г.Ундармааны (@g.undarmaa) білмейтін қазақ жоқ шығар. Еңбек жолын «Шинэ үе» әзіл сықақ театрынан бастаған ол, бүгінде кино саласында сұраныса ие танымал актрисаның бірі.

Оныншы орында, С.Тэмүүжин (@temka_emotsi_official), Д.Түвшинтөр (@tutu__0806), Г.Анхбаяр (@ankhbayar_g) үштігі. Бұл үшеуі де бала кезінен жан-жақты болып өседі. Олардың қолынан келетіні кез келген көрерменге күлкі сыйлау. Үшеуінің есімі аталған кезде есіңізге «Гурван найз: Яасан байх уу?» келіп тұрған болар. Келісесіз бе?

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек2 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек2 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек3 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек3 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Дерек3 months ago

Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды

KAZNEWS. Улаанбаатар. 2022 жылғы 25 тамыз – Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия академиясының Тарих және археология институты бірлесіп жүргізген «Номгон-2022»...

Дерек4 months ago

Шахматтың жаңа жұлдызы Б.Мөнгөнзул туралы 10 дерек

12 тамыз, KAZNEWS. Үндістанның Ченнай қаласында шахмат олимпиадасы деп аталатын 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жүріліп өтті. Моңғолиядан Э.Гурванбаатар бастаған ұлттық...

Кітаптан үзінді...4 months ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Басты назарда