KAZNEWS. 22 СӘУІР – Моңғолияда өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан тоғыз медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.
Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды.
Құрлық біріншілігіне Қазақстан сапынан 10 спортшы қатысып, оның 9-ы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, грек-рим күресінің шеберлері 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы ұпай саны бойынша жалпыкомандалық есепте Азия чемпионатында көш бастады.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша “классиктер” барлығы 180 ұпайға ие болған.
Иран (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) құрамасы екінші болса, Қырғызстан (3 алтын, 3 қола) балуандары үздік үштікті түйіндеді.
55 кг:
Юи Шиотани (Жапония)
Амагали Бекболатов (Қазақстан)
Арджун Халакурки (Үндістан)
Жасурбек Ортикбоев (Өзбекстан)
60 кг:
Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)
Мехди Мохсен Нежад (Иран)
Айята Сүзүки (Жапония)
Ернұр Фидахметов (Қазақстан)
63 кг:
Тынар Шаршенбеков (Қырғызстан)
Мирамбек Айнагулов (Қазақстан)
Нираж Нираж (Үндістан)
Иман Мохаммади (Иран)
67 кг:
Мейіржан Шермаханбет (Қазақстан)
Рюү Хансү (Онтүстік Корея)
Сачин Сахрават (Үндістан)
Кацүаки Эндо (Жапония)
72 кг:
Мохаммад Реза Хожатоллах Мохтари (Иран)
Абылайхан Амжеев (Қазақстан)
Шого Такахаши (Жапония)
Адилхан Нурланбеков (Қырғызстан)
77 кг:
Ақжол Махмудов (Қырғызстан)
Максат Ережепов (Қазақстан)
Ареф Хабиболлахи (Иран)
Кодаи Сакүраба (Жапония)
82 кг
Расуль Садех Гармсири (Иран)
Диас Кален (Қазақстан)
Харрпеет Сингх (Үндістан)
Мухаммадкодир Расулов (Өзбекстан)
87 кг:
Насер Гасем Ализаде (Иран)
Жалгасбай Бердимуратов (Өзбекстан)
Нұрсұлтан Тұрсынов (Қазақстан)
Кумар Сунил (Үндістан)
97 кг:
Мехди Мохаммад Балихамзендех (Иран)
Рустам Ассакалов (Өзбекстан)
Усур Жузупбеков (Қырғызстан)
Такахиро Цүрүда (Жапония)
130 кг:
Әлімхан Сыздықов (Қазақстан)
Ким Мин Сёк (Оңтүстік Корея)
Муминжон Абдуллаев (Өзбекстан)
Ким Роман (Қырғызстан)