Алматыда 15-халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды KazNEWS «Хабар 24» агенттігіне сілтеме жасап.
5 күн бойы Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен келген 538 дарынды оқушы математика, физика және информатика пәндерінен білімдерін сынға салды.
Асқар Жұмаділдаев, ҚР ҰҒА академигі: – Балалардың қабілеті жылдан-жылға өсіп келеді. Алғашқы кезде 4-5 мемлекет болса, биыл 18 мемлекет болды. Бұл әлемдегі ең мықты олимпиадалардың тізіміне енді. Румыниядан, болгариядан ылғи келеді. Олардың келетін себебі, өйткені мұның беделі өте жоғары. Одан ұтсаң, дипломның күші мықты болады.
Айта кетейік, дәстүрлі білім сайысында биыл Моңғолиядан 28 оқушы, 8 ұстаз қатысты.
Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар 3 алтын, бір күміс, үш қола медаль иеленсе, ұстаздар бір күмісті қанағат тұтты.
Жарысқа қатысқан оқушылардың арасынан Моңғол-Түрік лицейінің оқушысы Арманбек Солтанмұратұлы қола жүлдеге ие болды.
Арманбек Солтанмұратұлы 2011 жылғы дүниежүзілік математика олимпиадасының қола жүлдегері Еркеқұлан Бағдатұлының шәкірті екенін айта кеткеніміз жөн болар.
Kaznews