17 желтоқсан, KAZNEWS. Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Моңғолия қоржынына әлем чемпионатынан алғаш рет алтын медаль түсті деп хабарлайды KazNews.mn Халықаралық ауыратлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қыздар арасында 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мөнхжанцан Анхцэцэг ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды.
Ол жұлқа көтеруде 109 келіні бағындырса, серпе көтеруде 141 келіні еңсеріп, барлық қарсыластарын басып озды. Қоссайыс қорытындысы бойынша М.Анхцэцэг 250 келіні көтерді.
Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Турсыной Жабборова, қоланы Норвегиялық спортшы Солфрид Коанда еншіледі.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады.