20 тамыз, KAZNEWS. Моңғолияның Үкімет басшысының орынбасары, мемлекеттік Төтенше комиссияның басшысы С.Амарсайхан іссапармен Баян-Өлгий аймағында болды.
Үкімет басшысының орынбасары ең алдымен аймақтық Төтенше комиссия мүшелерімен кездесу өткізіп, бірқатар тапсырмалар берді.
Аймақ әкімі Бауыржан Дәлелұлы Үкімет басшысының орынбасары С.Амарсайханға 10 тамызда ғана Мемлекеттік төтенше комиссияның шешімі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қуаттылығы тәулігіне 20 баллонды оттегімен толтыратын қондырғының іске қосылуы науқастарға оттегінің жетіспеушілік мәселесі шешілгені туралы баяндады.
Сонымен қатар, аймақтық Біріккен ауруханада пандемияға қарсы қолданылуға арналған дәрі-дәрмектің 10 күндік қоры қалғанын мәлімдеп, рентген аппараты мен арнайы жабдықталған автокөлікпен қамтамасыз ету мәселесін қойып Үкімет басшысының орынбасары тарапынан қолдау тапты.
Баян-Өлгий аймағында коронавирус індетінің өршуіне байланысты 15 тамыздан бастап 24 тамызға дейін 10 күндік карантин режимі жарияланған болатын. Бүгінге дейін аймақта аталмыш індетті жұқтырғандардың саны 5934 ке жетіп, 344 адам ем қабылдап, 1778 адам үйлерінде оқшаулануда. Халыққа жаппай таралу қауіпі жоғары болғандықтан Жұқпалу ауруларды зерттеу ұлттық орталығынан арнайы дәрігерлер мен мамандар тобы аймақта жұмыстап жатыр.
Іссапар аясында үкімет басшысының орынбасары аймақта іске асырылып жатқан бірқатар инвестициялық және әлеуметтік жобалармен танысты.