25 қараша, KAZNEWS. Алданыш Рамазанқызы Моңғолияға “Еңбек сіңірген спортшы” атағымен марапатталды.
Алданыш Рамазанқызы 1964 жылғы Токио қаласында өткен олимпиада ойындарына Моңғол елінің атынан қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Әрі, Моңғолия спорт тарихында тұңғыш рет олимпиадаға қатысқан әйел ретінде аты алтын әріппен жазылған.
Моңғолиялық қазақ диаспорасынан шыққан тұңғыш спорт шебері екенін атап өткеніміз жөн болар.
Моңғол елінің рекордын бірнеше рет жаңартқан. Он екі дүркін еліміздің чемпиондық тұғырына көтерілген, шашасына шаң жұқпаған желаяқ.