15 ақпан, KAZNEWS. Моңғолия Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары Халықаралық Олимпиада комитетінің Ынтымақтастық жөніндегі директоры Джеймс Маклеодпен және ҰОК байланыстар кеңсесінің ұйымдастырушылық байланыстар және басқару жөніндегі директоры Джером Паумен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Моңғолия Ұлттық Олимпиада комитеті сыртқы байланыстарын кеңейтуге, Улаанбаатар қаласында халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруға ниет білдіріп, басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Халықаралық Олимпиада комитетінің Мәдени мұра қорының өтініші бойынша 2022 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында киген шаңғышы Б.Ачбадрахтың ұлттық киімі мен бас киімі Швейцарияның Лозанна қаласындағы ХОК Олимпиада мұражайына сыйға тартылады.
Спортшымыз жабылу салтанатында шапанын киіп, ертеңіне Олимпиада мұражайына тапсыруға келісті.