6 шілде, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының әкімі Кәмелият Ақмадияұлы Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайына қатысуға келген Отандастар қоры президенті Абзал Сапарбекұлы қатарлы қонақтарды қабылдады.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Қазақстан Респуликасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ғабит Қойшыбаев, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ, Нұргүл Тау, Жарқынбек Амантай, ЕҰУ профессоры, дипломат Сайлау Батырша, Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдуақап Қара, Қазақстан Респуликасының Моңғолияда елшілік қызмет атқарған Қалыбек Қобландин қатарлы азаматтар қатысты.
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы тарапынан аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралы төрағасы Қабыл Шәрівұлы, аймақ әкімінің орынбасары Арман Қуанғанұлы, және басқарма басшылары қатысты.
2023 жылдың 4-8 шілде аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» қоғамы ұйымдастыруымен және Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің қолдауымен Ұлан-Батыр, Қобда, Баян-Өлгей аймақтарында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында екі ел арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Моңғолия қазақтарының IV Кіші Құрылтайы өтуде.
Ауқымды шара аясында екі ел ғалымдары, мемлекет, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми конференция, кино және мультфильм апталығы, бизнес форум, ұлттық ойындар мен мерекелік концерттер өтті.
7 шілде күні Моңғолия қазақтарының IV кіші құрылтайының бөлігі Баян-Өлгий аймағында жалғасады.