16 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Саяси партиялар туралы заңға өзгертулер еңгізу туралы заң жобасын әзірлеп Парламент спикеріне табыстады.
Заңның басты мақсатын Ұлттық береке бірлік үшін деп атапты. «Саяси партияларды жөнге келтірмесе барлық мәселенің тамыры осында» деген қорытынды жасапты.
Заң жобасы бекітілген жағдайда саяси партиялар бірнеше адамның бас пайдасын ойлайтын емес, мемлекет пайдасы үшін жұмыстайтын болады депті. Осылай партияларға сенетін азаматтардың саны артып, үкімет саясаты мен биліктің іс әрекетіне халықтың қатысуы артып, жемқорлық деңгейі азаяды деп көрген.
Елде 35 партия тіркелген болса олардың 10 ғана сайлауға белсенді қатысады. Жоғарғы сот партиялардың тіркеуін, таратуына жауап беріп келеді. Партиялардың күнделікті жұмысына бақылау қоятын мемлекеттік ұйым жоқ. Енді саяси партиялар туралы заңдағы өзгерістер бойынша Орталық сайлау комитеті партия жауаптанған министрлік ретінде жұмыстайтын болады деп көрсетілген.