24 қараша, KAZNEWS. Күнтізбе бойынша Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс айының бірінші жұлдызы 24 қарашаға сай келіп отыр. Бұған байланысты ел көлемінде аталмыш даталы күнге орай бүгін 1 күндік демалыс берілуде.
Шыңғыс ханның дүниеге келген күнін «Моңғол мақтаныш күні» деп атап өту дәстүрге айналған. Бұл күнге орай мемлекет және қоғамға зор еңбегі сіңген, ұлттық береке бірлікті нығайтқан, ұлттық құндылықтарды әлемге танытуға үлес қосқан азаматтар Моңғолияның ең жоғарғы ордені «Шыңғыс хан» орденімен марапатталады.
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх жарлық шығарып, Моңғолияның ең жоғарғы дәрежелі “Чингис хан” орденімен АҚШ азаматы, доктор, профессор Жек Макивер Уэзерфорд, академик Д.Доржготов қатарлы азаматтарды марапаттады.
«Шыңғыс хан» жоғарғы дәрежелі ордені:
Шыңғыс хан, оның ізбасарлары мен моңғол хандарының дүниежүзі тарихына қосқан үлесі, ерен еңбектері ғылыми тұрғыда жете зерттеп, көптеген еңбектер жазған Америка Құрама Штаттарының азаматы, ғалым, доктор, профессор Жек Уэзерфорд, Ұлы император Шыңғыс ханның моңғол халқына мұраға қалдырған жеріне, топырағы мен қыртыстарына 50-ден астам ірі зерттеулер мен талдаулар жүргізіп, ондаған кітаптар мен ғылыми еңбектер жасап, Моңғол Халық Республикасының Ұлттық атласын әзірлеп, ғылыми айналымға еңгізген еңбектері үшін академик Д.Доржготов “Шыңғыс хан” орденімен марапатталды.