Connect with us

Дерек

Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы туралы не білеміз?

Published

on

03 желтоқсан, KAZNEWS. Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы 1939 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Тұлба сұмынында өмірге келген. Жары Назира Нұрғалиқызымен 41 жыл отасып 8 баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірген.

1965 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін тәмамдап Моңғолия Орталық Жастар одағында, Моңғолияның газет-журналдарында қызмет атқарған. Шығармаларын көбінесе моңғол тілінде жазады.

“Алтай тынысы”, “Күн досы”, “Тау өзенінің тасқыны”, “Тау жарығы”, “Ыстық жаздың жауыны”, “Үлкен үй”, т.б. роман, повесть, өлең, жыр жинақтарының авторы. Моңғолия жазушылар ортасында жоғары бағаланған жазушы болған.

Қазақтың классикалық туындыларын моңғол тіліне аударуда көп еңбек сіңірген.

Мұқтар Әуезовтің “Абай жолы” романының II кітабын, Сәбит Мұқановтың “Ботагөз” романын, “Қазақстан жазушыларының біріккен жинағын”, Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Кадыр Мырза Әлінің “Шымыр жаңғақ”, Қазақстан балалар жазушыларының “Тарту” жинағын, Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» басқа да көптеген қаламгерлердің туындыларын, Моңғолиядағы қазақ жазушыларының 20 шақты кітабын моңғол тіліне аударған.

Сондай-ақ Моңғолияда Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып, ондағы қазақ әдебиетіне қатысты жұмыстарға жауаптанып Баян-Өлгийдегі қазақ қаламгер жазушыларының еңбектерін моңғол тіліне аударып отырған.

Қазақ әдебиетіне зор еңбек сіңіргенімен қаламгерді қазақ жұрты тым жақсы біле бермейді. Себебі, жазушының еңбектері қазақ тіліне аударылған жоқ. Алғаш рет 2009 жылы қаламгердің Қазақстанда «Сүмбіле» атты прозалар жинағы жарық көрді. 2013 жылы өмір, тарихы, шығармасы жайлы кеңінен баяндалған «Тағдыр пернесі» атпен жарық көрді.

Жәмлиқа Шалұлы «Менің құбылам» атты эссесінде «Қазақшылдығым ондағы коммунистерге де ұнай қоймады. Ол үшiн қуғындалып, партиялық сөгiс алған да кезiм болды. Алайда, «ұлтшыл» деген айдардан ыға қоймадым.

Керiсiнше, ызыттанып, Iлияс Есенберлиннiң «Көшпендiлер» трилогиясын, қазақтың ұлттық қаны сорғалап тұрған шығармаларын бiрiнен кейiн бiрiн аудара бердiм. Моңғол тiлiне Жұбан Молдағалиевтiң «Мен – қазақпын» поэмасын аударуым арқылы өзге ұлттың алдында «Мен – қазақпын» деп асқақ үн қата бiлдім», – дейді жазушы.

Қатарлас қаламгерлер ол кісіні өте жоғары бағалап, мінездеме берген. Солардың бірі Д.Нацагдорж атындағы сыйлығының иегері С.Надмид «Қазақ бола тұра Моңғол тілін жеттік меңгерген. Енді қазақ салт дәстүрлері туралы шығармаларында кеңінен баяндап, насиқаттау ғана қалды» деген.

50 жылдығын Ұланбатыр қаласының Жастар Одағы, 60 жылдығын 1999 жылы Қазақстан мемлекеттік музейінде шығармаларынан көрме, әр түрлі танымдық әңгімелер ұйымдастырылды.

Жамлиқа Шалұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден өткен.

ӨЗ ЕЛІМ-АТА ЖҰРТЫМ

Тым алысқа көшкем екем-ай,
Тұңғиық көкке ұшқан екем-ай.
Шын құздарды кезген екем-ай,
Шетсіз шөлді кешкен екем-ай.

Кімге осылай мен асығып,
Көзcіз күйге түстім екен?
Әкем кенет бақи кетіп,
Топырағына келдім бе екен?

Тым алысқа көшкенімді-ай,
Тұқым-тұяқ ерткенімді-ай.
Қимас достың қалғанын-ай,
Қара көздің алғанын-ай.

Кімге асығып мен осылай,
Көзсіз күйге түстім екен.
Аңсауменен ақ жаулығын,
Анашыма жеттім ба екен.

Тым алысқа көшкенімд-ай,
Көзден жасты төккенімді-ай.
Құда жекжат айрылғаны-ай,
Қыз қанаты қайрылғаны-ай.

Кімге мен осылай асығып,
Көзсіз күйге түстім екен?
Жатта жүріп, ел сағынып,
Жорта-жорта жеттім бе екен?

Мені алысқа жетелеген-ай,
Ана тілім-кием екен-ай.
Ақ домбыра – күйім екен-ай,
Алла берген сыйым екен-ай.

Ұрпағым көрер – қызығым екен,
Тағдырым жазған сызығым екен.
Өзгерем, текті қаным екен,
Өз елім – Ата жұртым екен!

Материалды дайындаған: Рая Жақынбекқызы 

Advertisement


Дерек

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Published

on

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Астана Актісі;

2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;

3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;

6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;

8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;

11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Continue Reading

Дерек

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

Published

on

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.

Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.

Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.

Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды. 

23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.

Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.

Continue Reading

Дерек

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.

Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?

Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.

Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.

Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.

2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.

Continue Reading

Дерек

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

Published

on

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. 

Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.

Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.

Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.

Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады. 

Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда