12 қараша, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Жарлығымен Уламбаяр Нямхүү Моңғолияның Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Моңғолия Президенті ұлттық құндылықтарды құрметтеп, моңғол азаматтарының мүддесін қорғап, моңғол тілін, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап, елге инвестиция тартуға күш салуын тапсырды.