Бүгін аймақтық Біріккен ауруханада «Электронды денсаулық сақтау» жобасының тұсауы кесілді.
Ақпараттық технологиялардың дамуы медицина саласына да оң әсерін тигізетіні белгілі. Бүгін таңда денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерін дамыту көзделіп отыр.
Жоба аясында Біріккен ауруханаға 100 компьютер, Денсаулық сақтау басқармасына 40 компьютер, 2 сервер табыс етіледі.
Бұл туралы МҰХ мүшесі, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитет бастығы Бәкей Ағыпарұлы денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен болған кездесуде атап өтті.