Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі.
Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
бірлесу бостандығына құқық;
пікір білдіру бостандығына құқық;
адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;
2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;
3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;
4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 9 маусым
№ 597