Индустриаландыру саясаты жөніндегі тұрақты комитеті Асгат күміс кенішін экономикалық айналымға енгізу жұмыс тобын құрды. Бұл туралы KazNews.mn МҰХ-ның Баспасөз, қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік Ұлы Хуралдың Индустриаландыру саясаты тұрақты комитеті 10 қарашадағы отырысында «Асгат күміс кенішін экономикалық айналымға енгізу туралы» тұрақты комиттет қаулысы жобасын талқыдан өткізді.
Отырыс басында Үкімет мүшесі, Тау кен, ауыр өнеркәсіп министрі Г.Ёндон күміс кен орны жайлы таныстырды:
«Асгат күміс кеніші Баян-Өлгий аймағы орталығы Өлгий қаласынан 180 шақырым, Ақкөл еркін экономикалық зонасынан 40 шақырым, ел астанасы Улаанбаатар қаласынан 1800 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орны МХР шекарасының 100 шақырымдық шебіне геологиялық барлау жасау кезінде 1976 жылы ашылған. 1986 жылдан бері жүргізілген әртүрлі геологиялық зерттеулерге нәтижесінде 25 текше метр алаңқайда таралған, ұзындығы 3 шақырым, ені 80 метр аумақта 15 кен зонасы анықталған.
Барлығы 6,4 млн кен, 72.6 мың тонна мыс, 3.3 мың тонна висмуд, 31,8 мың тонна сурьма, 2.2 мың тонна күміс қатарлы басқа да полиметалл қоры бар.
Кен орнына баратын автожол жөнделіп, көпір салынса да, темір жол, электр желісіне қосылмаған, өндірісті сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілмеген, кен байыту технологиясы анықталмаған қатарлы себептермен айналымға енбей келеді. Осы жағдайлардың шешімін табу мақсатында Үкіметтің 2020-2024 жылғы бағдарламасының 3.2.1.5-тармағында: «Асгат күміс кенішін экономикалық айналымға енгізуге қажетті тәжірибе мен сараптама жасап, инвестиция мәселесі шешіледі»,- деп енгізілгенін министр мырза таныстыру барысында атап өтті.
Асгат күміс кеніші лицензиясын Үкімет 2019 жылы қаңтар айында «Эрдэнэс Монгол» ұлттық компаниясына өткізді. МҰХ-тың 2007 жығы 27-қаулысымен кен орны стартегиялық маңызды кен орындары тізіміне енгізілді.
Халықаралық сарапшылар болжамына қарағанда күміс бағасы 2030 жылға дейін қымбаттап, сұраныс артатын болады. Кен орнын пайдаланудың техника-экономикалық негіздемесін 1995 жылы «Апекс Сильвер», 1998 жылы “Сибгипрозолото” компаниялары жеке-жеке жасады. «Эрдэнэс Монгол» ұлттық компаниясы биылғы жылы «Сибгипрозолото» компаниясының техника-экономикалық негіздемесін толықтырып, экономикалық көрсеткіштерін қазіргі нарықтық құнға көшіріп, 123.8 млн АҚШ долларының инвестициясы енгізілісе, елімізге түсер пайдасы 21.3 пайыз болады деген есеп жасаған.
Үкімет бағдарламасы бойынша Асгат күміс кенішін экономикалық айналымға енгізіу жұмысы бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 2021 жылы техника-экономикалық негіздемесі қабылданып, қаржы енгізушілермен келісім жасау, 2022 жылы инфрақұрылым мен қосымша барлау жұмыстарын атқару, 2023 жылы кен байыту өндірісі құрылысын бастау, 2024 жылы жасампаздық істерді аяқтап, өндірісті іске қосу мақсаты қойылған. Кеніш карьерін ашып, технологиялық үлгі алу, қазба жұмыстарын жүргізу қатарлы шаруаларды «Эрдэнэс Монгол» ұлттық компаниясы қолға алған. Кен орнын қалай пайдалану жөнінде Ресей Федерациясы, АҚШ, Австралия компанияларымен келіссөздер жасалу үстінде.
Әлемдік банк болжауы бойынша бір кг күміс 700-дей АҚШ долларына жуықтайды.
Тау кен, ауыр өнеркәсіп министрі Г.Ёндонның таныстыруына қарағанда кен орны табысын арттырудың бірнеше нұсқасын инвестиция жасаушы тараптармен келісу қажет.
Асгат кеніші пайдаға берілсе 500 жұмыс орны ашылады.
Асгат кенішін пайдаланудың техника-экономикалық негіздемесі жаңаланып жатыр. Алдын ала жасалған есеп бойынша қаржы енгізуге 127.3 млн АҚШ доллары тартылып, 500 жұмыс орны ашылады. Сауда айналымы 318.1 АҚШ долларын құрап, ағымдағы шығындарға 256.6 млн АҚШ доллары жұмсалып, таза пайдасы 197.1 млн АҚШ доллары болады.
Отырыс соңында Индустриаландыру саясаты тұрақты комитеті Асгат кен орнын экономикалық айналымға енгізу мәселесі бойынша Үкімет пен салалық мекемелерге тапсырма беру туралы қаулы жобасын жасайтын жұмыс тобын құру жөн деп тапты. Жұмыс тобына МҰХ-ның мүшесі Әубәкір Тілеуханұлы жетекшілік ететін болып, мүшелеріне МҰХ-ның мүшелері Қ.Бәделхан, Н.Ганибал, Б.Дэлгэрсайхан, Т.Энхтүвшин, Г.Ганболд, Д.Өнөрболорлар тағайындалды.