Connect with us

Лайфстайл

Ғабит Мүсірепов атындағы мұражайға саяхат

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының шетелден келген қазақ диаспара топтарының жетекшілері мен тыңдаушылары бірге, 2020 жылы ақпан айында Алматы қаласы Төлебаев көшесінде, орналасқан ҒабитМүсірепов атындағы мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Тыңдаушылар мұражайды таңданыспен, қызығушылықпен аралап шықты. Тыңдаушылар Ғабит Мүсіреповтың өмірбаяны, отбасы, шығармашылығы, жеке қызығушылығына қатысты кызықты деректермен танысты, мұражайға қойылған жазушының көзі тірісінде пайдаланған жеке заттарын, алған марапаттарын, сыйлықтарын, жеке отбасылық суреттерін, істеткен бұйымдары мен киген киімдерін, қызығушылықпен жақсы көріп жинаған заттарын көріп тамашалады.
Ғабит Мүсірепов атындағы мұражай жазушының тірі кезінде өзі тұрған үйі, жазушының бар болмысы туралы, жеке басы туралы толық мәлімет беретін, әр бұрышы тарихтан сыр шертетін мұражай. Тыңдаушыларға ерекше әсер еткені Ғабит Мүсіреповтың фото суреттер жинағы мен коллекциялары және тілек қолтаңбалар жазуға арналған кітапша болды. Кітапшаға тыңдаушылар өз тілектерін жарыса жазды. Себебі ол тілек қолтаңбаларда мұражайда сақталады. Кейін жылдар өткенде қайта келіп көруге болады.
Бүгінгі мұражайда өткен саяхатымыздан тыңдаушыларымыз үлкен әсер алып, шабыттанып қайтты. Болашақта Ғабит аталары сияқты ұлы жазушыдан үлгі алып, үлкен мақсаттарына жету жолында барынша тырысып, ел үшін еңбек ететін, отансүйгіш азаматтар болуға деген талпыныстарының артқаны көздерінен көрініп тұрды. Жастарды еліміздің тарихы мен мәдениетімен терең таныстырып, оларды елжандылыққа тәрбиелейтін осындай шараларды көптеп өткіземіз деген жоспарымыз бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, ЖОО-ға дейінгі
білім беру факультетінің оқытушылары
Жұмаділ Г., Аширбекова Қ.С., Нусупбаева С.А.

Advertisement


Лайфстайл

2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады

Published

on

14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.

Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…

Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.

Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.

Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews
Via ЭНХБАТ

Continue Reading

Дерек

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Published

on

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.

Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.

Қызыл паспорт

Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.

Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.

Көк паспорт

Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.

Жасыл паспорт

Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл.  Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.

Қара паспорт

Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.

Continue Reading

Лайфстайл

Тапсырысты үйге жеткізіп беру қызметі іске қосылды

Published

on

13 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.


Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады. 

Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.

Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.

Continue Reading

Лайфстайл

Сырымбек Тау: Бай болудың құпиясы | Talim TV

Published

on

Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тауұлы Talim TV -ге бай болудың құпиясы айтып берді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда