Моңғолиялық кәсіби суретші, мүсінші Ойлан Жанатханұлының “Мәңгілік аспан әлемі” атты көрмесінің ашылу салтанаты Бурятияның Ұлан-Үдэ қаласында 27 наурыз күні өтті. Аталмыш көрме Моңғолияның Бурятиядағы мәдение күндігіне орай ұйымдастырылып отыр. Ұлан-Үдэ қаласының Ц.С.Сампилов атындағы музейде суретшінің 30 туындысы қойылған.
Реалист, сюрреализм яғни шынайы және инстинктивтік түрде туындыларын жасайды. Ойлан Жанатханұлының суреттері тек көгілдір өңмен боялған.
Ашылу салтанатына Бурятияның Мәдениет министрі Соелма Дагаева, Ұлан-Үдэ қаласындағы бас консул Д.Чадраабал қатарлы азаматтар қатысты.
Дагаева “Өткен жылы Моңғолияғы біздің “Ульгэр”, “Байкал” театрлары барып қайтқан. Ал, биыл бізге осындай өте қызықты туындылары бар кәсіби өнер иесі келгеніне қуаныштымыз. Ойлан Жанатханұлына зор табыс тілеймін” деді. Бас консуд Д.Чадраабал “Біз ақылдаса келе көрмеге “Мәңгі аспан әлемі” деген ат бердік. Моңғолияның өнерін Бурятия халқына таныстыру мақсатында. Ойланның әр суреті терең мағына береді. Ойлан Жанатханұлының көрмесі Түркия, Франция, Германия, Испания, Ирландия, Венгрия, Америка Құрама Штаттарында және Қазақстан республикасында көрсетілген. Сондай-ақ консулдықта галерия ашу ойымызда бар” деді.
Көрме сәуірдің 12 -дейін көрсетіліп, сәуірідң 13 күнінен бастап Ресейдің Эрхүү қаласында жалғасады.