KAZNEWS – Моңғол елінің Ұлттық бостандық және тәуелсіздік қайта жанданған күні қарсаңында елбасы бірқатар азаматтарға мемлекеттік орден, медальдар табыстады.
«Еңбек сіңірген экономист» құрметті атағымен Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) мүшесі, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитет төрағасы Бәкей Ағыпарұлы марапатталды.
Марапатты бүгін Елбасы Цахиагийн Элбэгдорж табыс етті.
«Моңғолияға еңбек сіңірген қайраткер» құрметті атағы қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік, денсаулық сала өкілдеріне мемлекеттке сіңірген зор еңбегі үшін беріледі.
Бәкей Ағыпарұлы 2012 жылы Баян-Өлгий аймағынан Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) мүшесіне екінші рет сайланып, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитет төрағасы қызметін атқарып келеді.
Бұған дейін, 2009-2012 жылы Ауыл шаруашылық университетінде Проректор, 2006-2008 жылдары Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) Табиғат, қоршаған орта, ауыл шаруашылығы жөніндегі Тұрақты комитет төрағасы қызметі, 2004-2008 жылдары Моңғолия Ұлы Хурал (Парламент) мүшесі, 2000-2004 жылдары Ауыл шаруашылық университетінің Ректорының бірінші орынбасары, 1997-2000 жылдары Ауыл шаруашылық университетінің Экономика факультетінде декан, директор қызметін атқарып келген.