Мәдениет
Өзгеріс Шерікбайұлы: Ән әлемінде өзгеріс жасағым келеді
Published
7 years agoon
Қазір дәстүрлі өнерде асқақ дауысты, өзіндік мәнері бар, өзгелерден дараланып, толысып келе жатқан Өзгеріс Шерікбайұлы есімді ұлан бар. Әкесі де бекзат өнердің беделін биіктеткен асылдардың бірі, дәстүрлі әнші – Шерікбай Ұнатұлы. Талантты тұлға 2004 жылы қыршын кетті. «Орнында бар оңалар» дегендей, отыз жетісінде орны ойсырап қалған өнерпаздың ұлы дәстүрлі әнге үлкен өзгерістер әкелеріне сенім мол. «Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғын» көзқарақты жұрт әуелі әлеуметтік желіге салынған әндері арқылы таныса, кейін «Қазақстан» ұлттық арнасында өтіп жатқан «Мен қазақпын» мега-жобасынан көріп көзайым болып, құлақтан кіріп бойды алар әсем әндеріне елітті. Алыстан келіп, атажұртта білім алып жүрген өнерлі өренмен әріптесіміз аз-кем сұхбат құрған еді.
– Өзгеріс. Өзгеше есім. Неге Өзгеріс? Неге Тәуекел емес, неге Құбылыс емес?
Содан бастасақ…
– Сіз тілге тиек етіп отырған есімдердің бәрі қазақта бар, менікі елден ерек. 1992 жылы Моңғолияның қалың қазақ жайлаған аймағы Бай-Өлкеде кіндігім кесілді. Дүниеге жаңа келген шақалақ не білсін?! 90-жыл¬дардың басы тоқырау кезеңі болған екен. Сол қиындыққа қарамастан Алтайдың арғы бетіндегі аз қазақтың үлкен шоғыры атажұртта азаттық таңы атысымен алды-артына қарамай ауа көшіпті. Ел үдере көшіп жатқанда атам «ұлы өзгерістер болады, бұндайды бұрын соңды көрмегем» деп сол күндері шыр ете қалған менің атымды өзгешелерден өзгешелеу етіп «Өзгеріс» деп қойыпты. Бұл қуатты сөздің астарында қандай мән жатқанын өзіңіз де бағамдап отырған шығарсыз…
– Өзгеріс өнер әлеміне қайдан, қалай келді?
– Әкем – елге белгілі әнші. Қазақтың дәстүрлі ән өнерінің айбозы — Қайрат Байбосыновтың шәкірті. Кеңес дәуірі кезінде Алматыға келіп, Қайрат ағадан білім алған. Ұққан-түйгенімді шалғайдағы аз қазаққа беремін, рухани сусындатам деп алып-ұшып Бай-Өлкеге қайтқан екен. Амал не, әкем өмірден небәрі 37 жасында өтті. Қазақтың талантты әншісі Рамазан Стамғазиев әкеммен бірге оқыған жақын досы еді. 8-сыныпта оқып жүргенімде ол кісі Бай-Өлкеге келіп, қалың қазақтың көңілін әнге бөлеп, концерт берді. Үйге арнайы соғып, досының қазасына көңіл айтып, құран бағыштады. Аттанар сәтте: «Немеріңіз мектеп бітірген соң Алматыға келіп, әкесі оқыған киелі қара шаңырықтан білім алсын» деген ниет білдіріп, мені атамнан аманат етіп сұрады. Одан соң мектеп бітіріп жатқан 2010 жылы Бай-Өлкенің 70 жылдық мерейтойына Қазақстаннан бір топ өнер¬паздар, мәдениет пен қоғам қайрат¬керлері, зиялылар келген болатын. Маған олардың алдында ән салу бақыты бұйырды. Өнеріме тәнті болған өнердің жоқшысы Махмұт Тойкенов және айтыскер ақын Нұртай Тілеужан ағаларым Өскеменге алдырып, қазір депутат болып отырған жанашыр ағам Бейбіт Мамыраев, сонымен қатар Түсіпхан Түсіпбеков ағаларым С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алуыма жағдай жасады. Әсіресе, Махмұт және Бейбіт ағаларымның үлкен жүректілігі мен жақсылығын ешқашан ұмытпаспын. Кейін Алматыға ат басын бұрып, Рамазан ағамның тәрбиесін көрдім.
– Дәстүрлі ән әлемінде өзіңіз пір тұтатын, болмасаң да ұқсап баққың келетін талант мол шығар. Кімді көп тыңдайсыз? Тәлім беретін ұстаздарыңызды ма, әлде олардан да ұлыларды ма?
– Пір тұтар алыптар көп. Өмірден өтсе де Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, Байғабыл Жылқыбаев, Әміре Қашаубаев сынды тұлғалардың әуезді әндері үнемі құлағымды уілдейді. Ұстаз тұттым, еліктедім. Алайда Алла әр адамды өзінше ерекше қылып жаратады. Сондықтан дәстүрлі ән әлемінде өзіме тән, өзіндік мәнер, нақыш пен бояу тауып, өзгеріс жасағым келді. Сондықтан көбіне «қабілетімді қалай шыңдасам, өзімді қалай дамытсам» деген ой толғандырады. Тыңдауға татитын әншінің барлығын тыңдаймын, жанашыр ұлағатты ұстаздарым да жетерлік. Басқа да жан дүниесі таза, бақай есептен ада адамдарды жағалап жүремін.
– Ұлттық өнер, дәстүрлі ән-жырдың бүгінгі насихатына көңілің тола ма?
– Рас, осы мәселені аузы дуалы алдыңғы буын ағаларымыз, апайларымыз, жалпы өнердің жанашырлары жағы талғанша айтты, қары талғанша жазды, әлі де айтып келеді. Мен де сол кісілердің пікіріндемін. Ұлтымыздың асыл өнері тасада қалды, заманауи арзан ән, жеңіл би модаға айналды. Өкініштісі, солар¬дың айы оңынан туып тұр. Отандық телеар¬на¬лар да шоушыл болып алды. Соңғы кезде ұлттық арнада үлкен бетбұрыс жасалғандай. Қазақтың дәстүрлі өнеріне төрден орын беріле бастағаны көңілімді көтерді.
– Рамазан Стамғазиевтің «Естір құлақ, есті ел дәстүрден жырақтамас үшін кейбір әнді эстрадамен өңдеуге тура келеді» деген еді. Эстрадамен ән орындап көрдіңіз бе?
– Мектепте жүргенде эстрадамен айтқаным бар. Қазақтың классикалық әндерінің болмысына терең бойлаған сайын, эстрададан ұзақтай бастадым. Бірақ бола¬шақта есті ән табылып, естір құлақ болып жатса, Рамазан аға секілді қалың бұқараға жеткізу үшін ондай қадамға баруға болатын шығар.
– Қоғамда қазіргі жастар дәстүрлі әнді тыңдамайды деген пікір бар. Бұған не дейсіз?
– Қазіргі жастарға жаппай күйе жағуға болмас. Бірақ қазақтың классикалық ән-күйлерін тыңдайтындардың қарасы анау айтқандай қалың емес екені рас. Оған жастарды жазғыра алмаймыз. Жастар түгілі асарын асап, жасарын жасаған жасамыстар да ұлттық құндылыққа көп мойын шұлғи қоймайды. Жастардың ұлттық өнерге деген сезімін ояту үшін аға буын алдыңғылар бас болса, қолдап қош дейтін соңғы буын да өз жауапкершілігін түсінер еді.
– Ұлттық арна деп қалдыңыз… «Мен қазақпын» мега жобасы арқылы көпке көрініп, танылып жатқан жайыңыз бар. Ондағы қазы¬лардың да саған деген бағасы жақсы болғанын көрдік. Бұл жоба туралы пікіріңізді білсек?
– Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін өте үлкен жоба. Осындай шараны жасап жатқан басты арнаның басшылығына алғыстан басқа айтар жоқ. Кеш те болса, қолға алынған сәтті жоба болды. Осындай жобалардың жолы болып, ғұмыры ұзақ болса екен деп тілеймін. Жалпы, мұндай ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттайтын дүниелер көп болуы шарт. Әйтпесе, «Мен қазақпын» Алты алашқа аздық етеді.
– Өзгеріс қазір не істеп жүр?
– Қазақ ұлттық өнер университетінің студентімін. Дәстүрлі музыкалық өнер факультеті, дәстүрлі əән кафедрасының 4-курсында білім алудамын. Алаштың айбоз әншісі Қайрат Байбосыновтың немере шәкіртімін, тәлімін көріп жатырмын. Жоғарыда әкем марқұмның да сол кісіден сабақ алғанын айтқан едім. Араға жылдар салып менің де ұлағатты ұстаздың алдын көруімді Алла нәсіп етіпті.
– Қайрат ағаға шәкірт болу қиын ба? Студенттерге қандай талап қояды?
– Қиын… Талап күшті, тәртіп қатты. Сонысымен бізді ширатады, өсіреді… Ең бастысы пенделіктен аулақ болуға кеңес береді. «Алдымен жүректі, ниетті дұрыстау керек. Ниеттерің қандай болса, айтқан әндерің де тура сондай болады» деп үнемі ақыл-кеңесін айтып отырады. Майра Ілиясова басқаратын факультетімізде Қайрат ағадан бөлек Алмас Алматов, Аман¬дық Көмекұлы, Еркебұлан Қайназаров, Айгүл Қосанова, Айтбек Нығызбаев, Гүлнар Абдолла, Клара Төленбаева, Ардақ Бала¬жанова, Махмұт Тойкенов, Ербол Сарин және Телман Нұркенов секілді ұстаздары¬мыз¬дан да тағылымды тәлім алып жүргенімді айта кетейін.
– Өзіңізді ең көп мазалайтын ой қандай?
– Адамның сенімді жетекшісі – ары мен ұяты. Ардың әмірін тыңдап, сенімнің жетегінде жүруден жаңылмасам деймін. Дейтұрғанмен, өмірде жаңылыс болдырмай¬мын деп өз-өзіме қаншама рет серт қылсам да, бәрібір жаза басып, жаңылып жүретін сәттерім аз емес. Адам шығарма¬шы¬лы¬ғы мен Алладан бойына біткен талан¬ты¬мен түрлі көңіл күйді кешіп, қайғы-қасіретті де көріп, өмірдің құндылықтарын сезіне алады екен. Ниетімнің, пейілімнің тек дұрыс болғанын қалаймын. Егер ниет пен пейіл бұзылса, жүрек те бұзылады. Жүрек кірленсе, әншінің үнінен, күйшінің күйінен мән кетеді.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Амангелді ҚҰРМЕТ
Казньюс агенттігі
Мәдениет
Саймон Коуэлл: Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған шоу өте ұнады
Published
11 months agoon
January 16, 2024Осыдан жеті жыл бұрын «Mongolian’s Got Talent» шоуының жеңімпазы атанған әнші О.Энх-Эрдэнэ бұл жолы «Талантты америкалықтар» шоуының арнайы шығарылымында бақ сынауда.
Ол қатысқан бағдарлама кеше жергілікті уақыт бойынша көрсетілді.
О.Энх-Эрдэнэ атақты кантри-әнші Гарт Брукстың «Достары төмен жерлерде» хит әнін сахнада жаңғыртып, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Әйгілі төреші Саймон Коуэлл оны өз командасына алғысы келді, бірақ Хайди Клум алдымен түймені басып, О.Энх-Эрдэнэ-нің тәлімгері болып таңдалды.
Хайди Клум оны таңдау себебін ерекше атап өтті: “Мен сені таңдадым, өйткені сенің дауысың керемет. Оған қоса, сен жеңімпазсың, мен жеңгенді қалаймын”-деді.
Бірақ судья Саймон Коуэлл өнер көрсеткеннен кейін оны мақтады: “Мен мүлде таң қалмаймын. Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған сіздің орындауыңыз қатты ұнады. Керемет”.
Нәтижесінде О.Энх-Эрдэнэ жартылай финалға жолдама алу және финалда қалу үшін тағы бір өнер көрсетеді. Жартылай финалда барлығы 10 өнерпаз бақ сынасады.
Бағдарлама жеңімпазы 250 000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлыққа ие болады.
24 шілде, KAZNEWS. Корей поп-музыкасы, телесериалдары мен фильмдері бейнеленген «корей толқыны» мәдениеті соңғы 20 жылда Моңғолияда құйын тудырып, сансыз жас жанкүйерлердің адал қолдауына ие болды.
Моңғол телеарналарында өздері шығаратын бағдарламалар аз, ал қалған уақыттың басым бөлігінде корей телехикаялары мен фильмдерін сатып алып моңғол тілінде көрсетуі кореялық жұлдыздардың Моңғолиядағы танымалдылығын арттырған.
Бүгінгі таңда жанкүйерлердің адал қолдауына ие болған кореялық жұлдыздар Моңғолияға жиі саяхаттап келуде.
Бұл Моңғолия үшін тегін жарнама болмақ.
Өйткені кореялық жұлдыздардың әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушылары бар.
Мәдениет
Гаухартас Космоновқызы мен “Күлтегін” этно-ансамблі Азия дауысына қатысады
Published
1 year agoon
July 21, 202321 шілде, KAZNEWS. Аты аңызға айналған “Азия Дауысы” халықаралық фестивалі 18 жылдан кейін қайта оралмақ. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Отандастар қорының қолдауымен бұл фестивальге шеттегі қандастарымыз да қатысады.
Қоғамның 28 сәуір – 28 мамыр аралығында өткізген іріктеу нәтижесінде Қытай, Украина, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мемлекеттерінен қатысқан таланттардың ішінен оза шапқан 3 өнерпаз “Азия Дауысы” фестиваліне қатысуға ЖОЛДАМА жеңіп алды.
Муса Молдабай – Өзбекстан;
“Күлтегін” этно – фольклорлық ансамблі – Моңғолия;
Гаухартас Космоновқызы – Моңғолия;
Фестиваль 28 шілде, Алматының биік таулы “Медеу” мұз айдынында сағат 18:00де өтеді.
Отандастарымызға қолдау көрсетейік!
#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar #азиядауысы2023
KAZNEWS. “Тәттімбет оркестрінің концерті Моңғолияның Хобда аймағында 6 шілде күні сағат 15.00 де, 7 шілде күні сағат 19.00 да Баян Өлгей аймағының Құрманхан атындағы Музыкалы Драма театрында, Ресей Федерациясының Қосағаш, Барнауыл аймақтарына гастрольдік сапары 3-11 шілде аралығында жалғасады. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы хабарлады.
Келіңіздер, көріңіздер! Тамаша ән күйден рухани қуат алыңыздар.
Концерт ҚР еңбек сіңірген қайраткері дирижер Әбуғалисын Шоканбаев және ҚР 100 жаңа есімнің жеңімпазы, Халықаралық конкурстың лауреаты, оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерейдің дирижерлығымен өтеді.
Аталмыш концертте халықаралық және Республикалық конкурстың лауреаттары Рысты Рахымжан, Данияр Түсіпжанов және ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай өнер көрсетеді.
Алыстағы бауырларға Атажұрттың көңілі ән күймен төгілер “Ұлы Дала сазы” концертінде аман есен жолыққанша.
Көріскенше күн жақсы болсын.
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...