Connect with us

Моңғолияда

ҚазҰУ-дың «Алатау» қысқы бағына саяхат

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген халықаралық жобалардың бірі жасыл технологияларды енгізуде ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп  жатыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (www.kaznu.kz) Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда.  Университетте «Green campus» жобасы табысты жұмыс істеуде. «ҚазҰУ – Green campus»- жобасы аясында университетте экологиялық тұрақты және жайлы «жасыл» орта құрылуда. Бұл жоба – жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Green campus» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы тәрбиелік маңызы бар  іс-шара өткізді.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Саяхат» атты өлкетану клубының ұйымдастыруымен жуырда кафедраның оқытушылары және әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Монғолия, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттері жақында студенттер үшін ҚазҰУ-да ашылған «Алатау» қысқы бағынасирек кездесетін тропикалық және субтропикалық өсімдіктер туралы мәліметтер алу мақсатымен саяхат жасап, ғылыми-танымдық іс-шара жүзеге асырылды.

Саяхат барысында Т.В. Курманова«Алатау» қысқы бағыныңқұрылу тарихы жайлы түсіндіріп, мұнда 50-ден астам тропикалық және субтропикалық өсімдіктер жинақталғанын, сондай-ақ фонтандар мен шағын архитектуралық нысандар, студенттерге демалуға және жұмыс істеуге арналған орындар бар екені туралы сөзін жалғастырып, қысқы бақта болашақ биологтар, геоботаниктер, экологтар мен басқа да мамандық иелері үшін сабақтар мен ғылыми тағылымдамалар, ал мектеп оқушылары мен табиғат әуесқойлары үшін экскурсиялар өткізілетіні туралы мақтанышпен айтты.

Шетелдік студенттерге «Алатау» қысқы бағының қызметкерібақ жинақтамасы сирек кездесетін және құнды өсімдіктермен, гүлдермен және сәндік композициялармен толықтырылып отыратынын, бұл тамаша табиғи орта жасампаз жастар мен кампустың тұрғындары үшін ерекше тартымды орынға айналуда екенін, мұнда олар уақытты тиімді пайдаланып, демалып, арнайы эко-тренингтерге қатысып, өсімдіктерді күтіп-баптап және табиғат туралы көбірек білуге мүмкіндік алатыны жайлы түсіндіріп өтті.

Шетелдік студенттер өздерінің алған әсерлерімен және түйген ойларымен бөлісіп, ерекше таңданыстарын да білдірді.

Бұл «Алатау» қысқы бағы еліміздегі ұмытылып, жойылып бара жатқан,сирек кездесетін, құнды өсімдіктермен, гүлдермен және сәндік композициялармен, тропикалық және субтропикалық өсімдіктер әлемімен таныстырып, жалпы алғанда табиғатты қорғау әрі сақтау, одан ары дамыту, жаңғырту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу болып табылады. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегі бола алады.

«Green campus» жобасын жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, кампустағы жасыл желектер алаңын шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.

Бұл, біріншіден, шетелдік студенттердің жасыл орта туралы білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

А.Е. Саденова.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасы.

Моңғолияда

Түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының үш кітабының тұсауы кесілді

Published

on

26 шілде, KAZNEWS. Бүгін Баян-Өлгий аймағының Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханасында белгілі түркітанушы ғалым, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткішінің толық атласы» үш томдық еңбегі және «Керейлердің этникалық тарихы», «Тас кітаптың құпиясы» атты үш кітабының тұсауы кесілді.

Салтанатты іс-шараға аймақтық АӨХ-ның депутаты Мүпти Қабылұлы, тарихшы Қабсатор Омарұлы, Өмірбек Биқұмарұлы, ақын жазушы Рысбек Зұрғанбайұлы, Марат Бәкейұлы, Әбіжат Райханұлы, Сьезд Абайқызы, Аманжол Бәделұлы және өзге азаматтар қатысты. 

Орхон ескерткішінің толық атласы

Aтласта Моңғолия-Чехия, Моңғолия-Түркия (ТИКА), Моңғолия-Кеңес одағы біріккен экспедицияларының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті экспедициясының материалдары, сондай-ақ әлем түріктанушыларының ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған.

Атлас авторы байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, сондай-ақ бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген, түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген; жартылай көшпелі дәуірдің тарихи-мәдени мұралары Атласта тегіс қарастырылып, олардың археологиялық сипаттамасы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген.

Атлас тілші, тарихшы, этнограф, археолог, философ, әдебиетші және мәдениеттанушы мамандарға, сондай-ақ студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, ізденушілерге арналған.

Керейлердің этникалық тарихы

Керейлердің этникалық тарихын зерттеу арқылы қазақ халқының тарихы ғасырлар тереңінен басталатынын дәлелдейді.

Монография тарихшыларға, студенттерге, магистранттар мен докторларға аспиранттарға, тарихты қызығып оқушыларға арналады. Бұл кітапты түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мен қытайтанушы, тарихшы Жәнімхан Ошанұлы жазып, Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында баспадан шыққан.

Тас кітаптың құпиясы

Еңбекте профессор, доктор Қаржаубай Сартқожаұлының көшпелілер мәдени құндылықтарына соңғы жылдары жасалған ғылыми мақалалары жинақталған. Оның ішінде: көшпелілер тарихы, дүниетанымы, идеологиялық құндылықтары, ру-тайпалық жүйе зерттелуімен қатар, тас бетіндегі ежелгі хунну жазулары және археологиялық қазба мұралардан табылған көне түркі мәтіндері.

Еңбек археолог, түркітанушы, тарихшы, әдебиетші, этнографтармен қатар жалпы көшпелілер тарихын қызықтаушы оқырмандарға арналған.


Түрколог ғалымның қысқаша өмірбаяны

Түріктанушы ғалым, доктор, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.

1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985–1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973–1975 жылдары Баян-Өлгий аймағында №10 мектепте ұстаз, 1975–1989 жылдары Моңғолия Ғылым академиясы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, 1989–1995 жылдары Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1995–1998 жылдары Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралы (аймақтық мәслихат) төрағасы, 1995–1998 жылдары Моңғолия Ғылым академиясы Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры болған.

1990 жылғы сайлауда Халық Ұлы Хуралы депутатына сайланып, 1992 жылғы Моңғолияның Негізгі заңын бекітісуге ат салысқан. 

2001 жылдан Еуразия Ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография зертханасының меңгерушісі.

Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда 1 грамм алтынның бағасы 193,390 төгрөг

Published

on

26 шілде, KAZNEWS. 2022 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша осы айда Монгол банк (Ұлттық банк) шамамен 1,4 тонна, жыл басынан бері 9,2 тонна тазартылған алтын құймасын сатып алған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16 пайызбен аз. 

2022 жылғы маусым айындағы Монгол банктің тарифі бойынша 1 грамм алтынның бағасы 193,390 төгрөгке теңелді.

Continue Reading

Моңғолияда

Л.Оюун-Эрдэнэ: Цагааннуур, Даян бекеттері арқылы халықаралық транзиттік бағыт құрылады

Published

on

18 шілде, KAZNEWS. Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ бастаған топпен бірге Баян-Өлгий аймағының әкімі Бауыржан Дәлелұлы Моңғолия-Ресей шекара бойындағы «Цагааннуур» бақылау-өткізу бекеті, Моңғолия-Қытай шекара бойындағы «Даян» өткізу бекетінің жұмысымен танысты.

«Цагааннуур» халықаралық бақылау–өткізу бекеті Ресеймен шекарада Цагааннуур қалашығында орналасқан. Мұнда шекарадан өтетін адамдар мен көлік құралдарының шекаралық бақылауы жүзеге асырылады.

Моңғолия Үкіметі алға қойған «Жаңа жаңғыру саясатының» Өткізу бекеттерін жаңғырту бағдарламасы аясында Баян-Өлгий аймағының Цагаануур өткізу бекеті 24 сағат жұмыс кестесімен қызмет көрсетуге дайын. Сондай-ақ, халықаралық транзиттік автомагистральдың құрылысын іске қосу жоспарлануды.

Шекералық бекетті Өлгий қаласымен асфальт жолмен қосу жұмыстары жүргізілуде.  Ұзындығы 27,8 шақырымды құрайтын «Цагаануур-Улаанбайшинт» жолындағы жұмыстар былтырдан бері қарқынды жүргізіліп, тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұл жолдың аяқталуымен Моңғолияның импорттық жүк тасымалы көлемі артады, сондай-ақ ел аумағы арқылы Ресей мен Қытай арасында халықаралық транзиттік бағыт құрылады. 

Цагаануур мен Даян порттарын тас жолмен қосу арқылы үш елдің жүк тасымалы дәлізі жасалып, Новосібірден төрт күнде жететін жүк көліктерінің бір күнде жетуіне мүмкіндік туады. 

Моңғолия Премьер-министрі Даян өткізу пункті жұмысымен танысып қайтты.

Аталмыш кеден бекеті Сагсай сұмыны аумағында орналасқан. 1992 жылы ашылып, ҚХР -ның ШҰАР Алтай аймағынан цемент, құрылыс материалдары, көкөніс қатарлы оншақты өнім импорттап келген. Алайда, 2010 жылдан бастап жұмысы тоқырап қалған.

Моңғолия Премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ: “Даян порты Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шектесетіндіктен экономиканы, әсіресе туризмді кеңейтуге қолайлы болады.  Даян өткізу пункті Өлгий қаласынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаңа жаңғыру саясаты аясында Цагааннуур мен Даян бекеттері арасына жол төселетін болады. Бұл Баян-Өлгий аймағы арқылы үш елді ең қысқа мерзімде байланыстыратын автомобиль порты болады.  Батыс өңірде халық тұтынатын тауарлардың бағасы елордаға қарағанда қымбат. Порттарды асфальт жолмен қосу бәсекеге қабілеттілікті арттырады және экономикалық және стратегиялық маңызға ие болады.” – деді.

Цагаануур мен Даян порттарын тас жолмен қосу арқылы үш елдің жүк тасымалы дәлізі жасалып, Новосібірден төрт күнде жететін жүк көліктерінің бір күнде жетуіне мүмкіндік туады.  

Continue Reading

Моңғолияда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхге құттықтау хатын жолдады

Published

on

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхге құттықтау хатын жолдады. Бұл туралы Моңғолияның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет орнауының 2230, 2231 жылдық мерейтойы, Ұлы Моңғол империясы құрылуының 815, 816 жылдық мерейтойы, Ұлттық азаттық пен тәуелсіздікті жаңғыртудың 110, 111 жылдық мерейтойы, Халық революциясының 100, 101 жылдық мерейтойы және Ұлттық “Наадам” мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің атына жолдаған құттықтау хатын жолдады.

Аталған құттықтау хатында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Моңғолия – Қазақстанның Азия құрлығындағы сенімді серіктесі екендігін атап, дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген жан-жақты қатынастар халықтарымыздың жарқын болашағы жолында өрістей түсетіндігіне сенім білдірді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...11 hours ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Дерек6 days ago

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 20 дерек

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өмірінің ең өзекті кезеңдерінен 20 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған...

Дерек2 weeks ago

Твиттердегі белсенді президент кім?

25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан...

Дерек2 months ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 months ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек2 months ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек2 months ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек2 months ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Басты назарда