KAZNEWS – Моңғолия Парламент сайлауы 28 маусымға белгіленіп отыр. Бұл саяси науқанға Баян-Өлгий аймағынан қай партиядан, кімдер атын ұсынатынын Medee.mn болжап отыр.
Әзірге Баян-Өлгий аймағында Демократиялық партия мен Моңғолдың Халық партиясынан сегіз адамның есімі болжанып отыр.
Олар, Моңғолдың Халық партиясынан Парламент мүшесі Ә.Тілейхан, экс мүше Қ.Бәделхан, Ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп тете министрі болған Ж.Сәуле және Моңғолдың Халық партиясының аймақтық комитет басшысы Қ.Солтан қатарлылар. Оларды саясатта «ескілер» деп те атайды екен. Кей мәліметтерде Баян-Өлгийде Моңғолдың Халық партиясынан жоғарыда аты аталған азаматтар ғана сайлауға қатысады делінеді. Бұлардың ішінде мүмкіндігі жоғары адам ретінде Ж.Сәуле аталады. Өйткені А.Тілейхан аймағындағы жастарды Оңтүстік Кореяға жіберемін деген уәдесін орындай алмаған. Сондықтан Халық партиясындағы аз ғана әйелдердің бірі, және партия ішінде рейтингі жоғары саналатын Ж.Сәуле А.Тілейханға басты бәсекелес болмақ. Ал, аймақ жұртшылығы Өнеркәсіп тете министрі қызметін бірнеше ай атқарған Қ.Бәделханды 2004 жылғы Парламентке сайлауға түскен кезде берген уәдесін орындаған жоқ деп отыр.
Сонымен бірге, демократиялық партиядан алдағы сайлауға қазіргі Парламент мүшесі, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитет төрағасы А.Бәкей, Жол транспорт тете министрі Қ.Ержан, Баян-Өлгий аймағының әкімі Қ.Дәрмен және құрылтай төрағасы Б.Лаззатхан атын ұсынады деген жорамал бар. Бұлардың ішінде Баян-Өлгийден А.Бәкейдің мүмкіндігі жоғары көрінеді. Өйткені оның төрағалық еткен комитетінің атқарған шаруалары аз емес. Баян-Өлгий аймағының әкімі Қ.Дәрмен 2012 жылдан бері аймақ әкімі қызметін атқарып келеді.
Сонымен, алдағы Парламентте кімді көргіміз келеді?