KAZNЕWS – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Моңғолияда жануарлар ауруларының, ветеринариялық-санитариялық қатынастардағы қауіпті өнімдердің және карантиндік зиянды организмдердің таралуын болғызбауға ЕЭК Алқасы мақұлдаған.
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Моңғолия Мамандандырылған инспекциясының бас басқармасы арасындағы ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум көмектеседі.
Осы салада ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа 2017 жылы наурызда ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешковтың Моңғолияға жұмыс сапары кезінде қол жеткізілген болатын.
Меморандум шеңберіндегі өзара іс-қимыл, атап айтқанда, өзара мүдделілікті білдіретін стандарт, нормативтік, техникалық және өзге де құжаттарды алмасу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Моңғолиядан ет, және ет өнімдерін өндіретін 40 компания, жеңіл өнеркәсіптегі 18 компания ЕАЭО-ның нарығына өнімдерін экспорттауға ниет білдіріп, рұқсатын алып отыр. Одақ мүшелері Моңғолия тарапынан өнім алу, моңғолияның одаққа мүше елдерге экспорттау ойы бір жерден шығып отыр. Сондықтан біздің жұмысымыз ілгері басады. – деп атап өтті Валерий Корешков.
Моңғолияның Сыртқы Істер министрінің уақытша қызметін атқарушы Ц.Мөнх-Оргил ЕАЭО-қа, Кеден бекетінде тауарларды тексеру, бақылау қызметінде шешімімен келісіп, өзара ұлттық сапа белгісі мен сертификаттарды қабылдау мүмкіндіктерін жасауды ұсынды.
Тараптар, Моңғолияға жұмыс сапары кезінде жоғарғы мәселелер бойынша меморандумға қол қойды.