2016 жылғы 20 наурызда Қазақстанда партиялық тізімдер негізінде сайланатын, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтті.
ҚР Орталық сайлау комитетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес Республика бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 9,8 млн. азамат енгізілді, олардың ішінде 7,5 млн. дауыс беруге қатысты.
Қазақстан Республикасы бойынша сайлаушылардың қатысуы 77,12 % құрады.
ҚР Парламенті Мәжілісіне үш партия – «Нұр Отан» (82,2%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,18%) және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы (7,14 %) өтті. Заңда белгіленген 7%-дық деңгейді «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы (2,01%), ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (1,18%) және «Бірлік» саяси партиясы (0,29 %) еңсере алмады.
Нәтижесінде «Нұр Отан» – 84 мандат, «Ақ жол» – 7 мандат, ҚКХП – 7 мандат алу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстандағы парламенттік сайлау Қазақстан азаматтарының саяси белсенділігі және құқықтық мәдениеті жоғары деңгейде екенін көрсетті.
ҚР Елшілігінде ашылған сайлау учаскесінде және Эрдэнэт қаласындағы келіп дауыс бергендердің саны жалпы тіркелген сайлаушылар және тізімнен тыс келгендерді қоса есептегенде 113-ке жетіп, 100 % қатысуды құрағанын атап өтеміз.
Моңғолиядағы қазақстандықтардың дауыс беру нәтижелері төмендегідей болды:
«Нұр Отан» партиясы – 89,9%; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 4,6%; Қазақстанның коммунистік халық партиясы – 2,8%; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 1%; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 1,8% және «Бірлік» саяси партиясы – 0 дауыс жинады .
Сайлау үдерісін жоғары демократиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды.
Назар аударарлық жайт, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттары болып (9 адам): Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов, Владимир Карпович Божко, Наталья Васильевна Жұмаділдаева, Роман Укенович Ким, Наринэ Гамлетовна Микаелян, Ахмет Сейдарахманович Мурадов, Шаймардан Усаинович Нурумов, Юрий Евгениевич Тимощенко, Шакир Хусаинович Хахазов сайланды.
Айта кеткен жөн, халықаралық байқаушылар сайлауды халықаралық стандарттарға, сондай-ақ Қазақстанның Конституциясы мен сайлау туралы заңнамасында қарастырылған нормаларға сәйкес ашық және әділ өтті деп бағалады.
Мәлімет ретінде айтар болсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері атсалысты.