“Баян-Өлгий 2015” кіші олимпиадасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары анықталды.
Естеріңізге сала кетсек, кіші олимпиада қыркүйек айының 11-14 аралығында өткізіліп, оған аймағымыздың барлық сұмындарынан 25 команда, 1300 ге жуық спортшы спорттың 10 түрінен бақтарын сынаған болатын.
Бір апта бойы тартысты өткен бәсекенің жеңімпаздары анықталды.
Сонымен, бірінші орынды Цэнгэл сұмыны, екінші орынды Өлгий сұмынының 9 –шы бақ командасы, үшінші орынды Өлгий сұмынының 8 –ші бақ командалары иеленді.
Жеңіс шыңынан көрінген Цэнгэл сұмындық құрама командасы спорттың 4 түрінен дойбы(әйелдер мен ерлер арасында), дзю-до(66келі) және ұлттық күрес түрінен I орыннан көрінген.
II –орыннан көрінген Өлгий сұмынының 9 бақ құрама командасы тоғызқұмалақ (ерлер арасындағы), дзю-до(60 келі), баскетбол(қыздар арасындағы) бәсекелерінде топ жарған болса, баскетболдан ерлер командасы екінші орын иеленген.
III – орыннан көрінген Өлгий сұмынының 8 бақ құрама командасы тоғызқұмалақ (қыздар арасындағы), теннис(ерлер арасындағы)және волейбол(ерлер арасындағы) –дан алдына жан салмады.
Кіші олимпиада жеңімпаздары дипломдар мен кубоктар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Кіші олимпиада алауын бокстан халықаралық дәрежедегі спорт мастері Нұрлан Асқарұлы жақты.